Мадина Жұмабекқызы Магзумова,
Павлодар қаласы
№102 сәбилер бақшасының
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
ЖАБАЙЫ АҢДАР
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі»
Тобы: ересек тобы.
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділік: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: тақырыпқа сәйкес суреттері бар слайдтар, көрнекі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материал, жабайы аңдардың суреті.
Әдіс-тәсілдер: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Полилингвальді компонент: орман – лес- forest, жабайы жануарлар, аңдар — дикие животные- wild animal, арыстан – лев- lion, қасқыр – волк- wolf, жолбарыс – тигр- tiger, түлкі – лиса- fox, қоян – заяц- hare, кірпі – ежик- hedgehog, аю – медведь- bear, тиін – белка- squirrel.
Кіріспе бөлімі:
Шаттық шеңберіне тұрғызу. Сәлемдесу.
-Сәлеметсіздер ме!
-Здравствуйте!
-Гуд монинг!
— Балалар, шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз!
Армысың, шапағатты, Күн ана!
Армысың қайырымды, Аспан ана!
Армысың мейірімді, Жер ана!
Армысың менің достарым!
— Өте жақсы
Мұғалім: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Мұғалім:Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Мұғалім:Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
Балалар: Су қатады, боран соғады, аяз болады, айналаның бәрін қар жауады.
Мұғалім:Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
Балалар: Аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі,қоян.
Мұғалім:Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар: Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
Мұғалім: Өте жақсы балалар сендер жақсы жауап бердіңдер!
Негізгі бөлім:
-Балалар, біз қазір аңдар саябағына саяхатқа барамыз.
-Ол үшін мына автобусқа өз нөмірлерің бойынша отыр (ертерек балаларға орын нөмірлерін таратып беру).
-Ал,енді,өз нөмірлеріңді айтып, отыра беріңдер.
(саябаққа келе жатқанда аңдардың дауыстары естіледі.)
Балалар саябаққа бара жатқан кезде кедергілерге тап болады. Ол кедергілер тапсырмалар болып табылады. Бұл кедергілерден өтсе, саябаққа жетуге көмектеседі.
1-ТАПСЫРМА: «Жұмбақ шешу», «Сипатта», «Тіл ұстарту».
1-аялдама:
Өзі қу, айлакер, жүрген жүрісі бұлғаң, бұлғаң. Бұл қандай аң? /түлкі/
— Дұрыс айтасыңдар!
— Мынау не? Мынау — түлкі.
— Кі — кі – кі,
Бұл — қу түлкі.
— Түлкі қандай?- түлкі қу. 2-аялдама:
Үлкен, маймақ,
Қыста ұйықтайды,
Жазда оянады. /аю/
— Дұрыс балалар, жарайсыңдар!
— Мынау не? Мынау — аю.
Ю — ю — ю — ю
Мынау — маймақ аю.
Аю қандай? Аю — маймақ.
Сергіту сәті: (Балалар қимылмен көрсетеді).
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
3-аялдама:
Түсі сұр, Өзі жыртқыш,
Бұл не? /қасқыр/
— Дұрыс айтасыңдар балалар!
— Мынау не? Мынау — қасқыр.
— Қыр — қыр — қыр — қыр,
— Өзі жыртқыш қасқыр.
— Қасқыр қандай?- Қасқыр жыртқыш.
4-аялдама:
Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ. /қоян/
— Дұрыс айтасыңдар!
— Мынау не? Мынау — қоян.
— Ян — ян — ян — ян,
Өзі қорқақ қоян.
Қоян қандай?- Қоян қорқақ.
— Өте жақсы, балалар! Ал енді айтыңдаршы, это дикие или домашние животные?
— Дикие животные, жабайы аңдар.
— А как дикие животные на казахском?!
— Жабайы аңдар.
-Балалар, өте жақсы. Сендер осы кедергіден өттіңдер! Аңдар саябағына қош келіпсіңдер!
-Балалар, аңдар қайда өмір сүреді?
— Орманда.
-Ендеше, жануарларды сандар ретімен атайық (суреттегі жануарлар сандар ретімен аталып, қайталанады).
— Сонымен қатар, аңдарды аңдар саябағынан да көруге болады. Енді, сендермен аңдар саябағындағы аңдарды көрейік.
Мұғалім тағы аңдардың суреттерін көрсетіп, атауларың жаттауға тырысады.
Сөздік жұмыс. (суреттерін көрсете отырып жұмыс жасайды).
орман – лес- forest, жабайы жануарлар, аңдар — дикие животные- wild animal, арыстан – лев- lion, қасқыр – волк- wolf, жолбарыс – тигр- tiger, түлкі – лиса- fox, қоян – заяц- hare, кірпі – ежик- hedgehog, аю – медведь- bear, тиін – белка- squirrel.
-Балалар, қараңдар, аңдар бізден қорқып тығылып қалыпты.
«Ненің басы, ненің құйрығы, ненің табаны, ненің құлағы?»
флипчарт-ойыны.
Түлкінің құйрығы; Қасқырдың құйрығы; Қоянның құйрығы, т.б.
Дидактикалық ойын: «Жаңылма -Путаница».
-Балалар, жабайы аңдарды атаймын. Егер де мен дұрыс айтсам, сендер «иә» деп жауап беріп,қоддарыңмен шапалақтауларың керек, егер де дұрыс болмаса, «жоқ» аяқпен топылдатуларың керек. (Ойын ойналады)
Дидактикалық ойын: «Не бар, не жоқ?».
Балалардың алдына жабайы жануар-ойыншықтар қойылады. Балаларға: «Көздеріңді жұм!» деп, бір жануарды жасырып қоямыз. «Көздеріңді аш!» дегенде, балалар көздерін ашып, қай жануар жоқ, қай жануар бар екенін айтулары керек.
Балаларға жануарлар суреттерінің мозайкасын таратып беремін. Балалар оны құрастырып, ол аң қандай аң және қайда тұратынын айтады. Сипаттама береді.
-Енді,балалар, балабақшамызға қайтайық. Өздеріңнің нөмірлерің бойынша орындарына отыра қойыңдар.
Қорытынды бөлім:
Автор орындығы:
Отырған автобустың әр қатарынан 1 баладан шығып балалар орындық үстіне отырып бір-біріне сұрақ қояды.
Орындық үсіндегі бала жауап береді.
— Бұл Автор орындығы стратегиясы деп аталады.
— Балалар бүгінгі сабақтан біз не үйрендік, сабағымыз қалай өтті, сендерге ұнады ма?
Сабағымызда қорыта келгенде біз бүгін не үйрендік?
— Ендеше балалар сіздерге сабақ ұнаса бүгінгі сабақта мына бағдаршам құралғысы арқылы өте жақсы, орташа, ұнамады деп бүгінгі сабақтағы өз көңіл-күйлеріңді белгілейсіңдер.
-Балалар, келесі көріскенше,күніміз жақсы болсын! Сау болыңдар!