Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу.
Әрине, бұлар – білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері болып табылады. Осы міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе — білім беру, ғылымды дамыту. Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі — білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады.Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» — деген Ж.Аймауытовтың сөзін айта кетсек артық болмас.
Мұғалімнің сабақты жоспарлаудағы негізгі мәселесі — оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлауда қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму денгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.
Сыни ойлауды сабақта қалай қолдануға болады? Сын тұрғысынан ойлаудың мәні неде? Осындай мәселелерді шешудегі өзіміздің тәжірибемізді айтпақпыз. Әріптестерімізбен бірлесе өткізген сабақтың мақсаты — сыни тұрғыдан ойлаудың мәні туралы түсінік қалыптастыра отырып, ойлаудың мәнін саралауға үйрету. Алдымен тақтадан ескі көліктің суреттері көрсетілді.
«Ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көріңіздер. Сіздің қазіргі өмір туралы біліміңіздің арқасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?» деген сұрақтар қойылды.
Мұғалімдер суретті қарап, біраз ойланып, өз білімдерін қолдана отырып, сұрақтарға ауызша жауап берді. Бір топқа жеке сұрақ: «Болашақтың көлігі қандай болар еді?»-деген тапсырмамен жұмыс берілді. Болашақтың көлігі туралы видеоролик көрсетілді. «СТО туралы түсінік, балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы» туралы оқып, өз білімдерімен бөлісті. Көзбен көретін айғақтар мен ауызша түсінетін ақпараттар деген не? Оған қандай ақпарат көздерін жатқызуға болады?- деген тапсырмалар бойынша мұғалімдер өз критерийлерін құрды, талқылады. Мысалы: Сот-медициналық сараптаманы жүргізу үдерісінде заттай айғақтар мен жекелеген …. жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының не сот …. медициналық құжаттардың мәліметтерін сын көзбен бағалайды. …. міндетін атқарушы дәрігер) ауызша түрде тергеушіге мыналар туралы…
2-мысал: Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған … Бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама … Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау Тергеу эксперименті ….. 9) «бiрiншi сатыдағы сот» – сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін не … «Сыни тұрғыдан ойлаудың мәні неде?» — деген сұрақ аясында флипчарт жасады, яғни «Автобус аялдамасы» тақырыбында ой бөлісті. «Соқыр адам» туралы видео көрсетіліп, талқыланды, бір — біріне түсіндірді.
1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау. Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз.жазып, идеяларын қорғады.
Сондай-ақ «Бұл мәліметтердің қайсысы сіздер үшін пайдалы болды деп ойлайсыздар? Неліктен олай деп шештіңіз? Бұл тұжырымға сіздер қалайша келдіңіздер?» секілді сұрақтармен толықтырылды.
Іргеге әр түрлі музыка бағыттарына қатысты сөздер жазылады. «Ұлттық», «Поп», «Рок», «Классика».
Ұлттық музыка мәдениетінің шыңы – «Біржан – Сара» операсы, классикалық түрік музыкасы, классикалық қытай музыкасы, т.б.Ұлт аттарымен топтарға бөлу. (қазақ, өзбек, орыс, қырғыз т.б.)
Бөлінген топ мүшелері сол ұлттың дәстүрлері, ұлттық құндылықтары бойынша кесте құрап айтты.
«Боз орамал» шағын әңгімені видеороликтен көрсете отырып, белгілі жерінде үзіп, жалғастырту.
- Жазғандарын оқыту.
- Әңгіменің қалған жерін тыңдату.
- Салыстыру. Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады.
«Синквейн» тәсілі түсіндірілді. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады. Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді. Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырды. Мұғалімдер жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасты. Түсініксіз болған ұғымдарды өзара талқылады, басқа ақпарат көздерінен іздеді.
Мұнда олар өздеріне аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинады.
Дерек көздерімен жұмыс жасау барысында оларға тағы да «Деректер сенімді ме? Олардың қайсысын дәлел ретінде таңдауға болады? Неліктен? Дерек авторының пікірі сыңаржақ емес пе? Оның ұстанымымен келісесіз бе? Оның қай көзқарасына қарсысыздар? Деректерді қалай орналастыруға болады? Олардың ішкі байланыстары бар ма? Олар қандай?» – деген сұрақтар қойылып, ойлау мен талқылаудың белсенділіктері арттырылды.
«Екпей егін шықпас, үйренбей білім шықпас» — дейді халық мақалы. Білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймыз.
Ләйла Сейдазимова,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының аға оқытушысы, Тараз қаласы
Айнұр Омарова,
Н.Киікбаев атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Байзақ ауданы, Жамбыл облысы