Home » Білім және тарих » ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

18-mar_2546-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fЖусупова Галия Сапарбекқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы
бойынша ПҚ БАИ ББҮППҚ кафедрасының меңгерушісі

 Тіл — ұлттың жаны, бар байлығы. Мемлекет басшысы «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткені бәрімізге белгілі.

Бүгінде Қазақстан – көп этникалық, мультимәдени және көпконфессионалды ел. Онда әртүрлі генетикалық топ пен құрылымдық тип тілдерінде сөйлейтін халықтар тұрады.

Осыған орай, бүгінгі күнгі қажеттіліктер мемлекеттік тілге қоса басқа да тілдерді оқып-үйренуге бағыттайды. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деп Қадыр аға жырлағандай, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі жәйт. «Көп тіл білгеннің көбесі сөгілмейді. Біраз уақыттан кейін бірнеше тіл білетін журналистердің буыны қалыптасады. Лингвистикалық капитал дегеніміз сол», деген еді ел басқарған ағаларымыз: «Өзге тілді білсең – өрге шығасың, Өз тіліңді білсең – төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады. Жеті жұрттың тілін біліп, мемлекеттің мүддесін, ұлтың мен жұртыңның жай-күйін әлемге дауысың жететін мінберден асқақтата айтып тұратын күнге жетуіміз керек. Тілді көпсінбейтін төртінші мақсаттың мағынасы осында»,  — деп айтуымызға негіз бар. Демек, лингвистикалық капиталдың маңыздылығы осында жатыр.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты тіл үйренушілерге кәсіби білім беруде және оқу үрдісінде көпмәдениеттілік білім ьеруді енгізу мүмкіндігін қарастырады. Тілдік пәндерді оқу барысында оқушылар әр ұлт пен әр тілдің өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, әр тілдің ұлттық нормаларының көртүрлілігіне, оларды бағалауға немесе салыстыруға болмайтынына көз жеткізеді және тілдерге тән бұл ерекшеліктерге түсіністікпен қарай отырып, әр азамат өз бойында басқа ұлттарға деген құрметтеушілік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын түсінеді. Көпмәденилік білім беру туралы сөз қозғаған кезде әр түрлі тілдер мен мәдениеттер арасындағы қарым-қатынастар мәселелеріне ерекше көңіл аударған жөн, өйткені бұл білім беру саласындағы қазақ тілін оқыту мәселесінің кеңінен қанат жаюына және бұл арқылы елдегі басқа ұлттар мен мәдениеттерге деген сыйластық қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мәселесін қарастыруда төмендегідей мәселелерге мән берген жөн:

  • Әлемдегі жаһандық үдерістер, Еуродақтың кеңеюі, оның ресми тілдер қатарының өсуі көптілділік ұстанымын дамыта түсуде, ол еуропалықтардың дәстүрлі біртілді және мономәдени менталитетін өзгерту мақсатында белсенді тілдік саясатты жүргізу;
  • Қазіргі заманда әсіресе ағылшын тілін пайдалану қажеттілігі туып отыр: онсыз халықаралық қарым-қатынас, жаңа технологияларды меңгеру мүмкін емес;
  • Қазақстан Республикасында тілдік жағдай келесі белгілермен сипатталатыны туралы қорытынды жасауға болады: көптілді, көпқұзыретті, демографиялық жағынан тең емес, тілдердің қызметтік стратификациясы және дистрибуциясы, заңдық мәртебесі, беделді-беделсіздік жағынан, тілдердің туыстас емес және туыстас типтерімен сипатталатын, тікелей байланыстық және жағдайлық-байланыстық қарым-қатынас орныққан.
  • Бүгінде біздің еліміздегі тілдік саясат қазақ-орыс қостілділігінің үйлесімді даму қажеттілігінен туындайды. Үйлесімді қостілділік әр тілді еркін және мінсіз қолдануды нұсқайды.
  • Көптілді болу – уақыт талабы. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әмбебап, жаһандық құндылықтарға қосу, әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениеттер өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруға болады.
  • Көптілділік қазіргі әлемнің басты мәселесі – адамдар арасындағы келісім мн өзара түсінушілікті шешуге көмектеседі.

Бүгінгі күнгі енгізіліп отырған білім беруді жаңарту мазмұнындағы ерекшеліктер лингвистикалық капиталдың дұрыс қалыптасуын көздейді. Алғашқы рет қадам басып отырған, биылғы 1-сыныптың бағдарламасы пәндерді екінші және үшінші тілдер арқылы оқыту тілдердің қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді. Бұл оқыту бағдарламасы үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында бәсекелестіктің белгісі, функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде әзірленіп отыр. Бұл оқытудың жетістіктері әлі алда екеніне сеніміміз зор!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.