21-24 наурыз күндері Алматы қаласында Леонардо Эйлер атындағы ІХ Математикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Дүйсенбеков Данат, Мажит Санжар І дәрежелі дипломдармен және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Таубакабыл Нұрлыбек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Л.Эйлер атындағы ІХ Математикалық олимпиадасының жеңімпаздары Данат пен Санжарды және олимпиада жүлдегері Нұрлыбекті құттықтаймыз!