Home » Ашық сабақтар » Лаура Жинакова. Су не үшін керек?

Лаура Жинакова. Су не үшін керек?

 

Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметі: Жаратылыстану
Мақсаты:
1. Судың жай-күйін ажыратуға үйрету;
2. Балалардың ой-қиялын дамыту;
3. Суды ұқыпты пайдаланып, үнемдеуге үйрету.
Әдіс- тәсілдер: Ғажайып сәт, слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, слайд, стақандағы су, стақандағы сүт, қасық.
Сөздік жұмыс: Қазақстан картасы, жер шары, өзен, көл, мұхит, теңіз.
Билингвальды компонент: Су- вода, өзен- река, көл- озеро, мұхит- океан, теңіз- море.
Оқу қызметінің өту барысы:
Мотивациялық қозғаушылық кезеңі: Балаларды жоғарыда ілінген жерге, шеңбер бойына тұрғызу. Назарларын «Су ханшайымынан тосын сый» — деп жазылып, ілінген шарға аудару.
Ұйымдастырушылық оятушылық кезеңі:
— Бұл не деп ойлайсыңдар?
— Бұл шар.
-Дұрыс бұл шар екен, шардың іші сылдырлайтын сияқты.
— Ішінде не барын көргілерің келе ме?
— Иә көргіміз келеді.
— Онда аузын ашып көрейін, (аузын ашып көру, ашылмайды) аузы қатты түйіліп қалыпты
— Жармаса болмайтын сияқты, жарып көрейік пе?
— Иә, жарайық.
Ендеше жарайын, сендер мұқият қарап тұрыңдар (шарды жарып ішінен шыққан су тамшыларын көрсету.)
— Бұл не балалар, неге ұқсайды?
— Су тамшысы?
— Әрине балалар су тамшылары. Су ханшайымы тосын сый арқылы бүгінгі оқу қызметіміздің су туралы болатынын білдіргісі келіпті. Орнымызға отырайық.
— Су не үшін керек деп ойлайсыңдар? (слайд «су не үшін керек»)
— Суды шөлдегенде ішеміз, тамаққа қолданамыз, бау- бақшаны суғарамыз, жунамыз, кір жуамыз.

         

Анамыз кір жуғанды ұнатады, бірақ кейбір киімдерді қолмен жууға тура келеді.
— Сендер кір жуғанды ұнатасыңдар ма?
— Иә кір жуғанды ұнатамыз.
— Қане көрсетейікші қалай жуамыз? (балалар қолдарын ысқылап, жуып, шәйіп, қағып, іліп қол қимылдарымен көрсетеді).
Суды орыс тілінде -вода дейді. Қане қайталап көрейікші ( балалар тәрбиешінің артынана қайталайды).
— Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
— Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
(слайд «өзен- көлдер») көрсету. Ал мынау карта біздің Қазақстан мемлекетіміздің картасы, ол жерде 14 облыс бар. Соның ішінде біздің Алматы облысы орналасқан жер мынау, ауданымыз Сарқан, картадан кішкене бөлікті алып жатқан жер Екіаша ауылы. Екіаша картадан кішкентай болып көрінгенімен, ол жерде үлкен «Басқан» өзені бар.
— Басқан өзенін кім біледі?
— Мен, мен, мен.
Басқан өзенінің суы өте таза, тұнық, ішуге жарамды.
Ал мынау жер шары әлемдегі барлық жерлердің кішірейтілген нұсқасы.
— Жер шарынан қандай түстерді байқап тұрсыңдар?
— Жасыл, қызыл, көк түстерді көріп отырмыз.
— Иә балалар, соның ішінде көк түс көп жерді алып жатыр. Көк түс-суды білдіреді, яғни әлемнің көп бөлігін су алып жатыр. Жер бетінде су көп болғанымен олардың ішуге жарамдысы аз екен. Сондықтан ата апаларымыз судың да сұрауы бар деген екен. Қайталап көрейікші жер шары- глобус, өзен- река, көл- озеро, мұхит- океан, теңіз- море ( балалар қайталайды).

Сергіту сәті
Ал қанаекей тұрайық,
Құшағымызды ашайық.
Біз білетін сулардың,
Көрінісін салайық.
Жаңбыр жауса аспаннан,
Қол шатырды алайық.
Қол шатырдың астына,
Тығылып біз қалайық. (қимылмен көрсетеді)

-Балалар тіршілік көзі су туралы тағы құпия білгілерің келе ме?
— Иә, білгіміз келеді.
— Онда суға тәжірибе жасап, оның жай- күйін зерттеп көрейік.

1. Алдымыздағы стақандағы суды екіншші стақанға құйып, судың сұйық екенін дәлелдеу. Су сұйық болмаса, ол құйылмас еді, сол себепті оны- сұйықтық дейді.

2. Балалар бағанадан бері көп сөйлеп шөлдеп кеткен шығармыз, су ішіп алайық. -Судың дәмі бар ма?
— Жоқ, дәмі жоқ.
— Судың дәмсіз екенін дәлелдедік.

3. Ал енді қалған суымызды иіскеп көрейікші.
-Иісі бар ма?
-Иісі жоқ.
— Бұл тәжірибемен судың иіссіз екенін дәлелдедік.

4. Ал енді назарларыңды екі стақандағыы сұйықтыққа аударыңдаршы, біреуінде су, екіншісінде сүт. Екі стақандағы сұйықтыққа қасық салып көрейікші.
— Қайсысынан қасық көрінеді?
— Суы бар стақаннан қасық көрінеді. Бұл жерде судың түссіз ененін дәлеледдедік.
Рефлекстік- түзетушілік кезеңі:
Жақсы өте жақсы. Енді қолданған заттарымыздың үстелдің шетіне қойып, қолымызды оқушы сияқты қоямыз. Балалар су тіршілік көзі екен. Сусыз ештеңе жасай алмаймыз. Сондықтан суды үнемді пайдаланып, ластамау керек.

 

Лаура Жинакова,
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауыл

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.