Қазақ елі үшін латын әліпбиіне көшудің жағымды да жағымсыз жақтары бар. Соның ішінде жағымды жақтарын қарастыратын болсақ: Елбасымыздың айтуынша латын әліпбиіне көшу келешек жастарға жаңа технологияны меңгеруге үлкен пайдасын тигізеді және дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етсек латын әліпбиіне көшу шетелдіктерді еліміздің тарихын, мәдениетін түсіну үшін жасалған ең оңай жолдардың бірі болмақ. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз әлемдік деңгейге өзімізді таныта аламыз. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: Біріншіден тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазаргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді, Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден түбі бір түркі тілі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді. Ал енді жағымсыз жақтарына келетін болсақ: латын әліпбиіне көшу көптеген іс-қағаздардың білім саласындағы кітаптардың аударылуы үлкен мемлекет үшін шығын болмақ. Айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Негізінен, осы мәселелерге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болса, қиындықтарды жеңіл шешуге болады. Жастар жағы, орта буын өкілдері компьютерді толық меңгергендіктен латынды дереу үйреніп алады деп санаймын. Ал аға буынға сәл күрделі болуы мүмкін. Осы жағдайда психологиялық фактор дегенді де ескеру керек. Үкіметтің қаражаты белгіленіп, нақты бағдарламасы бекітілген соң, Қазақстан халқы латынды еш қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін. Тағы бір ескеретін жай, латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің америка, европа құрлықтарында әр жерде әр түрлі айтылып кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген өз қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетпеуіне алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да іске қосып отыр. Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жоғары жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек». Тіл сөйлеген үстіне сөйлей берсең ғана шыңдалып, айналаңдағыларға да әсер ете түседі.
Ибрашева Гүлайхан Рақымжанқызы
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 4 орта мектебі» ММ,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі