Бүгін, қарашаның 27-і күні Жезқазған гуманитарлық колледжінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК нұсқауы бойынша «Латын әліпбиіне көшу мәселесін насихаттау іс-шаралары» және «Тіл, әдебиет және музыкалық білім беру оқыту әдістемелерімен» пәндік-циклдік комиссиясының онкүндігі аясында оқытушы С.Е. Шатенованың ұйымдастыруымен «Латын әліпбиінің берері» тақырыбында білім алушыларымыздың «Нұр Отан» ХДП резерві, «Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Б.И. Копбаев, «Тілтану» орталығының директоры Ғ.Е. Ештанаев, «Сарыарқа» газетінің директор-бас редакторы Д. Мұқановтармен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында латын қарпіне көшудің маңыздылығы, жасалып жатқан реформалар, латын графикасы жөнінде, шетел және еліміздің қоғам қайраткерлерінің пікірлері ортаға салынып, білім алушылар көкейіндегі сұрақтарына айтарлықтай жауап алынды.
Іс-шара қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы Сәуле Ераліқызы Шатенованың «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК-ның аталмыш тақырыпта өткізген семинар-тренингінен үйренгені мен ізденімпаздығының нәтижесін көрсете білді. Оған дәлел тақырыптың заман талабының бірі екендігі дәлелденіп, білім алушылардың қызығушылығы оянып, қонақтарға қойылған мағыналы сұрақтары мен қаламыздағы айтулы мекеме басшыларының қатысуымен маңызды мәселелер қозғалғандығында болды.
Гүлсім Әбікенқызы Шауенова,
Жезқазған гуманитарлық колледжінің әдіскері