Home » Мақалалар » Латын қарпіне ауысу — тарихты қайта жаңғырту

Латын қарпіне ауысу — тарихты қайта жаңғырту

Қазақ жазуының шығуы мен дамуы жайында, қазіргі таңдағы емле өзгертуге байланысты теориялық тұрғыдан екі көзқарас қалыптастыра аламыз. Біріншіден, мәдени-ұлттық, өркениеттік негіз ретінде «төл жазуға» қайта оралу; екіншіден, заман ағымына негізделген жазу үлгісін қолдану. Алғашқы көзқарасқа тоқталсақ. Басты мәселе «Төл жазу» ұғымын анықтау. Жергілікті географиялық орында сан мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген халықтың уақыт өте келе қалыптасқан жазуы. Олар: ежелгі вавилондық, египеттік, шумерлік, түрк халқында руна, гректе грек, Үндістанда санскрит, Қытай иероглифтері, Парсыларда бехистун жазуы т.б. Қазақ тарихындағы жазу мәселесіне өркениеттік көзқараста қарасақ ыдырау ертеден басталады және біраз өтпелі кезеңдерден тұрады. Түркілердің ислам дініне кіруі, жазуымен қоса мәдениетінің басқа белгілерін де өзгеріске ұшыратты. Алайда, өркениеттік өзегінен толық айрылмады. Араб мәдениетімен араласуы негізінде «Түрк-исламдық» жаңа мәдениет қалыптасты. Араб жазуының түркілер арасына таралуы ғылым мен білім артуына негіз болғанын жасыра алмаймыз. Жазу — мәдениеттің бір бөлшегі.. Жазу — бір орталыққа бағындырылған мемлекет немесе қауымдарда қалыптасып, оның етене жақын бөлігіне айналады. Орта ғасырда түркі халықтары әр түрлі мемлекет, империя құрып, өз алдында саясаты болғанымен өзара байланыс жасауда жазу мен сөзге келгенде ешбір тілмаштың көмегіне сүйенбеді. Ал, қазақ зиялысы А. Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазылған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуынан да, жоғалуынан да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» – деген.. 1928 жылыдан бастап «Әліпби айтысы мәселесі» тоқтап, латын жазуына ауысу арнайы қолға алынды. Қазақстан жаңа әліпбишілерінің өлкелік тұңғыш конференциясы (1928 жылы қаңтардың 9 – 12 күндері) болып өткен болатын. Бұл конференция Қазақстанның түбегейлі латын жазуына көшуіне деген нық қадам болды. Дәл осыдан 6 күннен кейін, яғни 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық Кеңес комитеті ІV cессиясында «Латын әрпі негізінде құрылған жаңа қазақ әліпбиі Қазақстанда мемлекет әліпбиі деп саналсын» деген қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін 1931 жылдың 1 қазанынан әрі қарай барлық мекеме, кооперативтер, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар істерін жаңа әліпбиге көшіруге тиіс деп табылды. Жаңа әліпбиге көшуге әзірлік жүргізілді. 1930 жылдың қаңтарынан бастап газет, журнал, кітаптар тек жаңа әліпбимен басылуы тиіс болды. Қазақстан оқу комиссариатына 1931-32 жж. барлық мектеп тек жаңа әліпбимен оқытылатын болсын деп нұсқау берді. Ал орыс жазуының таңбасына көшу кезінде бұрындары іштей күш ретінде санасып келген зиялы қауым 1930 жыл мен 1937 жылдың қанды қасап қырғынында түгел көзі жойылуы себепті Голощекиннің қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салу арқылы тұтас көзін жою саясаты өз жемісін берді. Латын жазу таңбасынан енді орыс жазу таңбасына көшу идеясы 1937 ж қызыл қырғыннан кейін қайта тіріліп 1940ж «Халықтың қалауы бойынша» деген жалған сылтау мен орыс жазу таңбасы қабылданып жүзеге асып жүре берді.   XX ғасырдың басындағы көп қарсылықтарға қарамастан тез арада латынға, одан соң кириллицаға ауысу қоғам үшін тосын жәйт болды. Өркениеттік тұрғыдан қарағанда қазіргі латынға өту бір жағынан әлемдік жетекші өркениеттер талабы Алаш зиялыларының араб жазуында қала беруді айтуы өркениеттілікті сақтау тұрғысынан өте дұрыс пікір. М. Дулатұлы айтқандай «арабшадан айрылсақ «Алла» деген сөзді ұмытамыз, мәдениетімізді жоғалтамыз» деген. Дегенмен, ол кездегі халықтың біршамасы коммунистер екенін, билік жүйесінің өте қатал екенін ескерсек, латынға ауысу біршама оңай соққан тәрізді. Төл мәдениетті қалыптастыру, жазу өзгертуге байланысты емес, халықтың санасын өзгертуде. Егер осы мәселеге жақсы мән берсек, кез келген жазумен жазып-ақ, о бастағы «негізгі өркениетті» қайта жандандыруға болатыны анық, кәміл сенімдімін.
Қорыта айтқанда, орыстың рухани отаршылдығынан құтылудың, рухани тәуелсіздіктің басты жолдарының бірі – әліппе ауыстыру. Латынға өту — Тәуелсіздікті ойлайтындар үшін баламасыз байлам болуы керек!

Сұртаева Күміскүл Сейтжанқызы,

Төле би атындағы №8 гимназия мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі,

Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.