Home » Жаңалықтар » ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ  

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» ұжымы және курстар тыңдаушылары тұңғыш латынша жалпыхалықтық диктант  жазуға қатысты. Жалпыреспубликалық  акция мақсаты: қоғам қазақ тілінің жаңа графикасын  қабылдағанын  талдау және латын негізді қазақ әліпбиін насихаттау мен кеңінен таратуға бағытталған.

Диктант 14 қараша күні сағат 11.00-де  республиканың барлық аймақтарында бекітілген мәтін бойынша өтті.  Диктант мәтіні ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының қорытынды сөзі алынған. Мәтіннің аудиосы арнайы белгіленген орындарда   және «Шалқар», «Қазақ радиосы» радиоларының эфирлерінде  таратылды.

Филиалдың педагогтары мен мамандары  бұл бастаманың өзекті және уақытылы екенін және еліміздің барлық азаматтарына пайдасын әкелетінін белгіледі. Диктанттың нәтижелері қорытындылар жасау үшін және тілдер бойынша комиссияға ұсыныстар дайындау үшін келешекте пайдаланылатын болады.

 

 

Бакуменко С.В.
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,
қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.