Home » Мақалалар » Латынға көшу үрдісі басталды

Латынға көшу үрдісі басталды

Жақында Павлодар қаласының № 37 ЖОМ негізінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жөніндегі қалалық жұмыс тобымен кездесу болды. Оған: қала мектептерінен 200-ге жуық мектеп директорларының орынбасарлары, қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшірудің негізгі бағдарламалары мен бағыттары, осы мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесінің рөлі жайында С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің профессоры А. Қ. Тұрышев баяндады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі М. Т. Нұғыман қатысушыларды латын әліпбиіне көшу жоспарымен таныстырды. Павлодар қаласының білім бөлімінің бас маманы Н. Ш. Азанбаева қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен мектеп директорларының орынбасарларымен орташа буын сыныптарында диктант жүргізу, латын тілінде жоғары сыныптарда зияткерлік сайыстар өткізу және мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстары бойынша сұрақтарды талқыға салды.

Айгүл Молдаш,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.