Home » Балабақша » Көңілді қыс

Көңілді қыс

Исина Айгерим Тасбулатовна,
Нұр-Сұлтан қаласы,  №70 «Құлыншақ» балабақшасы
«Қошақан» ортаңғы топ , ІІ санатты тәрбиеші.

      

    Мақсаты:Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету.Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Білімділік: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.
Дамытушылық:
Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала ойыншығы, ойынға қажетті заттар, қағаз майлықтар, тұз, құм шекер, даладағы қар, көк түсті қағаз,  қол сүрткіш, желім. Жапсыру үлгілерін көрсету.Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан — жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
Ұйымдық іздену:   Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Қыс мезгіліндегі суреттерді көрсету.(слайд) Тәрбиеші:
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
1.Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?
2.Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
3.Ауа райы қандай болады?
4.Қандар ойындар ойнаймыз? Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады. Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?Балалар, мынау ненің суреті?Аққала неден жасалады?                                                                                                       Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік. Қардың түсі қандай?Қар мұздай ма, жылы ма?Аққала неше бөліктен тұрады? Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Жарайсыңдар олай болса бәріміз бірге тіл жаттығуын жасап алайық.

Тіл жаттығуы:

Ыс – ыс – ыс далаға келді қыс. Ар – ар – ар далада жауады қар. Яз – яз – яз сақылдаған ақ аяз.Ран – ран – ран даладасоғадыборан. На – на – на шулайдышана.Ла-ла-ла біз қалаймыз аққала.
Ғажайып сәт: (Осы кезде аққала келеді)Аққала:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші:Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Сиқырлы дорба» ойыны.
Ойын шарты:Дорбаның ішінде қыс және жаз киімдері болады. Балалар қолын дорбаның ішіне салып таңдап алған киімді алып, ол киімді қай жыл мезгілінде киетін және киімнің атауын айтады.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, ал қазір бәріміз орнымыздан тұрып Аққаламен бірге денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Аққала»
Қар жауғанда  топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.Тәрбиеші:
Балалар, аққаламыз құр келмей тапсырма ала келіпті.
Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?Жарайсыңдар, балалар. Аққаламызға  жапалақтап жауып жатқан қар суретін жапсырып берейік.
Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
Қорытынды: Балалар, бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма?
Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Біз не жапсырдық?
Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен — жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!   Күтілетін нәтиже:
Білді : қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата алады
Игерді:  тақпақтар айтуды , ойындарды
Меңгеру:  Қысқы ойындарды атап, сурет бойынша әңгімелей біледі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.