Home » Ашық сабақтар » Көңілді эстафета

Көңілді эстафета

Мақсаты: Спорттық сайыс арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа баулу. Дене шынықтыруға деген қызығушылығын әртүрлі спорттық ойындар қолдану арқылы дамыту. Бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кеглилар, доптар, себеттер, арқан жіп, гимнастикалық скамейкалар, банандар, құрсаулар, үңгіршіктер.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, дене тәрбиесіне деген балалардың қызығушылығын, ептіліктерін, жылдамдықтарын эстафеталық ойындар арқылы дамыту мақсатында №5 «Балдәурен» және № 6 «Жасұлан» топтар арасында ұйымдастырылға жарысымызды    бастаймыз.

Топты жарған түлектерміэ,

Жаралдық ақ тілектен біз.

Сұңқар – қанат,

Тұлпар – тұяқ түлектерміз, -деп, ендеше бүгінгі жарысымызға қатысушы командаларымызды қарсы аламыз.

 

Жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

 

Балабақша меңгерушісі: Қарлығаш Армиқызы.

Балабақша медбикесі: Құндыз Дүйсенғалиқызы

Балабақша әдіскері: Бақыт Нұрғалиқызы.

Тәрбиеші: Гүлназира Алдабергенқызы.

 

Тұлпар командасының ұраны:

 

Иілеміз оңға бір,

                   Иілеміз солға бір.

                   Қимылдайды әр сәтте,

                   Аяқта бір, қолда бір.

 

Сұңқар командасының ұраны:

 

Жазда ықпай ыстықтан,

                     Қыста бұқпай суықтан.

                     Айналысқан спортпен,

                     Біз – балалар шыныққан.

 

Жарысымыз 6 бөлімнен тұрады:

Бұл жарысты көріңіздер,

Бізде бәрі жүйріктер.

Күш сынасар алыптар,

 Жарысқа қатысатын балалар.

  1. «Дәлдеп сал»

Шарты: Гимнастикалық скамейка үстінен еңбектеп өтіп, допты басынан асырып лақтырып себетке салу.

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

  1. «Бәйге»

 

Шарты: Құрсаудан еңкейіп өтіп барып, қайтарда доппен секіріп келу.

 

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

  1. «Кім жылдам?»

 

Шарты: Құрсаудың ішінде тұрған допшаларды жылдам себетке жинау.

 

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

  1. «Кенгру»

 

Шарты: Жүгіріп келіп, үңгірден өтіп барып қайтарда қапшықпен секіріп келу.

 

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

  1. «Кім шапшаң?»

 

Шарты: Балалар маймылдың жүрісімен жүріп барып, ағашта ілініп тұрған бананды жұлып алып келу.

 

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

  1. «Қарсыласыңды тартып ал»

 

Шарты: Екі команда арқан тартысып күштерін сынайды.

 

Командалар тапсырманы орындайды.

Әділқазылар бағасын береді.

 

Бүгін міне оң болып әр ісіміз,

Жоғары боп күш – жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз.

  • Әділқазылар алқасы әділ бағасын шығарғанша балалармен ойын ойнаймыз.
  • Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
  • Командалар жеке-жеке марапаттау мен сыйлықтарға ие болады.

Айгаракова Айтолкын Аманбаевна

№16 «Ертегі» балабақшасы, дене нұсқаушысы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.