Тренингтің мақсаты мен міндеттері:
Өзін-өзі тану, өз мінез-құлқына есеп беру
Көңіл-күйлерін жақсарту, көтеру, қобалжу сезімдерін жою
Қатысушы: 9-сынып оқушылары
Жаттығу: «Ерекше таныстық»
Жүргізуші: Шеңбер бойында тұрып, сіздер кезекпен өзіңіз таңдаған ат немесе қандай да бір ым-ишара көрсетіңіз. Бір-бірін жақсы есте сақтау үшін, жақын болу үшін, жаттығу «қарлы кесек» принципі бойынша жүргізіледі. Яғни 1-ші адам өз атын айтады, ым-ишарат көрсетеді; 2-ші адам – 1-ші адамның атын еске түсіреді. Ыммен көрсетеді; 3-ші адам – 1-ші, 2-шінің т.б. солай кезек кете береді. (орындап алған соң) Көңіл-күйлеріңіз қандай? Не сезіндіңіздер? (ереже бойынша қатысушылар эмоционалды көтеріңкі сезімде болды) тамаша онда алға!
Жаттығу: «Өзін-өзі таныстыру! (Самопрезентация)
Жүргізуші: Топ мүшелерінің алдында өзіңізді таныстырыңыз. Ол үшін «резюме» құру қажет, яғни келесі мәселелерді жазу керек:
- Аты, жасы;
- Сүйікті іс (хобби)
- Өзіңізге ұнайтын мінез сипаты және адамдардағы ұнамайтын мінез сипаты;
- Не үшін сіз осындасыз;
- Нені үйренгіңіз келеді;
- Не нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді;
Ойын: «Поезд»
Жүргізуші: Ойын шеңбер бойында жүргізіледі. Алдымен 1-ші, 2-ші болып бөлініңіздер. 1-ші нөмірлер алақан соғып, 1 рет аяқпен 2 рет, ал 2-шілер – 2 рет алақан соғып, 1 рет аяқпен топылдайсыздар қозғалыс кезекпен 1-ші – 2-ші – 1-ші – 2-ші т.с. шеңбер бойынша поездың даусын келтіреміз, бастадық қарқынды үдетіміз. Тағы қатты.
Ойын: «Футболист». Қатысушылардың біріне шеңбердің ортасына шығуды сұрайды. Оның көзін байлайды да одан бір метрдей қашықтықта үрленетін шарды қойып қояды. “Футболисті” сол орнында бірнеше айналдырады. Бірнеше қадам жасап допты тебуін сұрайды.
Жүргізуші: Шеңбер құрып тұрамыз.
Ойын:«Жоғалған заттарды іздеу»
Жүргізуші: «Біреуіңіз «Жоғалған заттарды іздеу» бөліміндегі қызметші боласыз. Тек «Нені жоғалттыңыз және қайда жоғалттыңыз?» деген 2 сұрақ қоясыз. Ал қалғанымыз кезекпен шығып, қағазға жазылған затты және жоғалған жерді ым-ишарамен көрсетесіз. Көрермендер соны табады.
Аяқтау жаттығуы: «Тілек ағашы»
Жүргізуші: Мына жапырақтарға тілек жазып, «Тілек ағашына» ілейік. Бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.
Сексенғалиқызы Гүлжанат
№5 И.В. Панфилов атындағы
мектеп-лицей психологі,
Қызылорда қаласы