Home » Балабақша » «Көңілді мәре» көңілден шықты

«Көңілді мәре» көңілден шықты

«Көңілді мәре» көңілден шықты

         Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балдаурен» бөбекжайында көптеген іс-шаралар өтуде. Соның бірі – дене шынықтыру маманы Қыраубаева Тұрар Есімбекқызының ұйымдастыруымен өткен «Көңілді мәре» атты спорттық сайыс.
 Бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсат ‑ ұжымдастарды спортпен рухтандыру, олардың арасындағы ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын ұстану және «Спорт — денсаулық кепілі» ұранын насихаттап, белсенділіктерін арттыру. Сайыста үш топқа бөлінген педагогтар қауымы алты бөлім бойынша бақ сынасты. Олардың қатарында ұлттық ойын түрлері де болды.  Ойын барысында өздерінің епті әрі жылдамдықтарымен  үлкендерден құралған топ көш бастап тұрды. Қалган топтар да алға ұмтылып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Сайыс соңында ойынға қатысқан педагогтар ерекше әсер алып, ұйымдастырушы маманға алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Бөбекжай басшысы да ұжым арасындағы осындай шаралардың жиі өтілуін қолдап, спортты сүюге шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахиқызы Сара
«
Балдаурен» мектепке дейінгі
бөбекжайының директоры,
Нурханова Ф.Қ.
«Балдаурен» мектепке дейінгі
бөбекжайының ағылшын тілі маманы
Атырау облысы, Индербор ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.