Ата –ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, балалардың денсаулығын, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жарқамыс» бөбекжай – балабақшасының «Күншуақ» тобының І санатты тәрбиешісі Сағынбай Жұмагүлдің ұйымдастыруымен «Көңілді мәре» эстафеталық ойындар сайысы өткізілді. Сайысқа 5 бала аналарымен қатысты. Топтың өз ұраны эмблемасы, топ аттары болды. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Балалар аналарымен сайысқа белсене қатысты.Нәтижесінде «Бәйтерек» тобы І орын, «Сымбат» және «Сұңқар» тобы, ІІ орын «Қыран» және «Болашақ» тобы ІІІ орынды иеленді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында, халықтың денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға белгілі. Осы іс –шара- салауатты өмір салтын ұстанудың бір баспалдағы.
А.Б. Жәмиева
«Жарқамыс» бөбекжай – балабақшасының
әдіскері