Мен сені сағынғанда
Мен сені сағынғанда халқым,
Сары уайым әуреге мені салған.
Түнілгенде бұл өмірде сағыныштан,
Не боларын білмедім болашақ алдан.
Мен сені сағынғанда, АРМАНЫМ,
Жетем деп саған әркез мен қолдандым.
Сол жерге талпынып Құдай-ау,
Ертелі-кеш асығыста жолдамын.
Мен сені сағынғанда, АУЫЛЫМ,
Ойлап сені күн ұзағына ауырдым.
Тынысым тарылып қиналғанда,
Асықтырды саған менің баруым.
Мен сені сағынғанда, БАУЫРЫМ,
Көрсем деп сені бір Аллаға жалындым.
Қуанышты жүзін көріп сол кезде,
Сағыныштың сары уайымынан арылдым.
Мен сені сағынғанда, МЕКТЕБІМ,
Таң сәріде есік алдынан кетпедім.
Ұстазым мен білім қатар жүрген,
Мектебімді қатты сағынып кетемін.
Мен сені сағынғанда, АНА жан,
Еске келер сол бір ыстық алақан.
Мейірім жылуы аяулы анамның,
Сағындырған, табындырған сол адам.
Мен сені сағынғанда, ӘКЕШІМ,
Жоғалғандай көз алдымнан дәрменім.
Сенсіз мына жарық дүние жолдарын,
Қалай жүруді әкесіз мен білмедім.
Осылардың бәрін, бәрін сағынасың,
Сағыныштан талай құса болып ауырасың.
Көргенде сәулеленген дидарын бәрінің,
Мауқыңды басып, разы боп бір қаларсың.
Он сегіз деген жастамын
Биыл міне он сегіз деген жастамын,
Жанымда жүр адал менің достарым.
Жылулықты сезіндірген ата-анам,
Қуаныштан шүкір ашық әркез аспаным.
Жастықпен алаулаған жалыным,
Сезбейді болса да кеудем жаным мұң.
Шүкір деймін тыныштықта өткеніне,
Шаттықпен арайлаған әрбір күн,
Қызығы көп үмітпен нұрланған он сегіз,
Махаббатпен жүректер жалындаған он сегіз.
Студенттік өмірде жасқа келіп он сегіз,
Емін-еркін жүресің ғой сенсеңіз,
Кәмілеттік жасы ғана болмаса,
Айырмашылығы жоқ, он жетіммен еп-егіз.
Көңілді көл етсем, сөнер ме екен?!
Аттай жүріп өмірдің баспалдағын,
Мен бір жанмын қайғыдан қашқан жаным.
Көңілімді көл етсем сөнер ме екен,
Кеудемдегі лапылдап шашқан жалын?!
Білмеймін қандай бұл сезім екен,
Бірде қайғылы, бірде көңілді еткен.
Ақтармаса барлығын ақ параққа,
Тұншығады «Өлең» атты құдіретпен.
Сөнер ме екен, бұл жалын сөнер ме екен,
Сезінбейді еш нәрсені көңіл бөтен.
Жақсы жақта жалындаса алау от,
Бағындырам талайды, елім, ертең.
Бақыт құшағында сұлу гүлмін
Бақыт құшағындағы сұлу гүлмін,
Сезеді жүрек мейрімділік жылуын.
Асқар тау әкешім еркелетіп,
Айтатын сөзі «Айналайын, құлыным».
Аяулы анашыма тәтті еркемін,
Ұмытпаймын ыстық оның мейірімін.
Бақыттың бал дәмін татып жүріп,
Ақтаймын ана үміті мен сенімін.
Бақыттың бір ұшы апашым,
Сырластықпен басқасынан дарасың.
Бақыттың қорғандары бар, сірә,
Ол – менің үш қамқоршы ағашым.
Іні, сіңілі арттан ерген дара шың,
Олар да менің арайлаған бақытым.
Сендер барда қорықпаймын,
Жайылады кең құшақта қанатым.
Бақыттың адалдығы достарым,
Өтеді өздеріңмен жастығым.
Көңілдімін әркез сендер барда,
Сезінбейді жүрек деген қайғы мұң.
Пана қылдым бақыттың құшағын,
Сендірмейміз сенімділік ошағын.
Көгілдір Каспий, Маңғаз Маңғыстау,
Жүректегі, өмірдегі Отаным.
Аман болсын бақыттарым,
Сендер барда жалындармын.
Алла қолдап сендерменен
Әлі талай алдан арайлар күн.
Динара Жалғасова
Маңғыстау облысы