Home » Ашық сабақтар » Көңілді киттер

Көңілді киттер

       Тобы: мектепке даярлау тобы
Білім беру саласы:Мүсіндеу
Мақсаты: Балаларға жұмыр  мүсіндеу әдісі арқылы китті жасап үйрету.Киттер туралы жан жақты мағлұмат беру.Тенізге саяхат жасау арқылы олардың өмір сүру ортасын сезіндіру.Теңіз жануарлары мен құрлықта өмір сүретін жанауарды тез арада ажырата білу.Пішіні, түсі туралы мағлұмат беру.Қызығушылықтарын арттыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Білімділік:Балаларға жұмыр мүсіндеу әдісі арқылы китті жасап үйрету.Мүсіндеудің жұмыр және рельефті түрінің айырмашылыған түсіндіру.Домалақтау, созу, мыжу, илеу, тең бөлшектерге бөлу әдістерін үйрету.  Киттер туралы жан жақты мағлұмат беру. Тенізге саяхат жасау арқылы олардың өмір сүру ортасын сезіндіру. Теңіз жануарлары мен құрлықта өмір сүретін жанауарды тез арада ажырата білу.Пішіні, түсі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Дәстүрден тыс сабақтың тиімді әдістерін, яғни тұзды қамырды қолдана отырып, балалардың ұсақ қол моторикасын, шығармашылық қабілеттерін дымыту. Балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту, әдеміліккке, әсемдікке деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан бағалауға қажетті практикалық білім біліктерін қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу, Достарына керек кезде қол ұшын беріп, көмектесуге тәрбиелеу. Балалардың ұлттық өнерді бағалауға, қадірлеуге, құрметтуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндірмелік, іскерлік, ойын, жұмбақ,  сарамандық.
ҰОҚ барысы
Ресурстар:
(материялдар жабдықтар) Тұзды қамыр, тақтайша, түтікше, сүлгі, бояулар, қылқалам, су, киттердің суреті, мүсіндері, үлгі, бұршақтар, таяқша.
I кезен: ұйымдастырушылық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз Сізге ақ таңның,
Қуанышын, шаттығын.
Қайырлы таң, қайырлы таң,
Қуанышты күн бүгін!
Балалар бүгін біз теңізге саяхатқа шығамыз. Бірақ саяхатқа шықпай тұрып, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын:
Жұмбақ:
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,Телегей
Мұхиттан шықпайды
(кит)
Дұрыс бұл кит. Балалар сендер киттер туралы не білесіңдер? Киттер қандай болады? Ал кит дегеніміз не? Оның пішіні неге ұқсайды? Оның түсі неге ұқсайды? Ол балық па, әлде теңіз жануары ма, қалай ойлайсыңдар?  Ол немен қоректенеді? Киттер туралы сендер фильм көрдіңдерме? Қандай фильм? Балалар экранға қарандаршы, фильм туралы сабақты жан-жақты түсіндіру. Балалар сендер китті көруге теңізге саяхатқа шыққыларың келе ма? Ендіше жүріңдер мына кемеге  мініп теңізге саяхатқа шығайық.
 Сергіту кезеңі:
Теңізге біз барамыз,
Тұңғиықты көруге.
Су астына сүңгіп біз
Балақтарды көреміз
Теніңз толқыйды бір, теңіз толқыйды екі.
Теңіз толқыны, фондық музыка.
Сегізаяқ шығады: кемені ұстап жылжытпай қояды.
Мұғалім: сегізақ сен неге біздің саяхатымызға кедергі жасап тұрсын.
Сегізаяқ: Мен сендерді ешқайда өткізбеймін!
Мұғалім: Неге өткізбейсін біз киттті көруге саяхатқа шықтық.
Сегізаяқ: Менің ішім пысып отыр, менімен ойын ойнасаңдар ғана жіберемін!
Мұғалім: Ол қандай ойын?
Сегізаяқ: Мен сендерге мына бақалшық ішінен жануралар мүсіндерін көрсетемін, ал сендер ол қандай жануар, және ол қайда өмір сүреді теңізде ма, әлде құрақта ма? Егер жануар суда өмір сүрсе суға жібересіңдер, ал егер құрғақта өмір сүрсе жерге жібересіңдер. Бәрін дұрыс тапсаңдар ғана мен сендерді жіберемін. Сегізаяқ бақалшықтың ішінен әр түрлі жануарларды алып балаларға көрсетеді мынау қандай жануар, және ол қайда өмір сүреді? Балалар онысұрақтарына жауап беріп. Егер жануар суда өмір сүрсе суға жібереді, ал егер құрғақта өмір сүрсе жерге жібереді.
Мұғалім: Сегізаяқ балалар сенімен ойын ойнап, барлық сұрақтарыңа жауап берді енді бізді жібер.
Сегізаяқ: Жарайды рахмет сендерге балалар! Сендермен ойнап бір көңілім көтеріліп қалды. Сау болыңдар!
Балалар сегізаяқпен қоштасып саяхаттарын жалғастырады.
Мұғалім: Балалар әне қараңдаршы кить жүзіп жүр!
Балалар: Сәлеметсіңбе көк кит!
Көк кит: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мұғалім: Көк кит біз сені арнайы көруге, сенімен достасуға келдік. Бірақ байқаймын сенің көңіл күйің жоқ сияқты ғой? Саған ен болды?
Көк кит: Мен достарымнан адасып қалдым. Олар басқа теңізге жүзіп кетті. Содан жалғыз өзім, ойнайтын ешкім жоқ.
Мұғалім: көк кит сен мұңайма біз саған қасыңа жаңа достар жасап береміз. Біздің балалардың қолынан бәрі келеді, солай ма балалар?
Балалар: иә!
II кезең: ұйымдастырушылық- ізденістік
Балалар мына орындарға отырып тұзды қамырдан көк китті жасаймыз.
Китті жасамас бұрын, қол, саусақ моторикасына арналған жаттығуларды жасап алайық:
Теңіз, теңіз.
Толқын, толқын
Киттер жүзді толқынменен
Тұзды қамырды алып, жақсылап мыжып аламыз. Енді оны домалатып, сосын сәбіз пішініне айналдырамыз. Жіңішке жағын жалпайтып, стекпен сәл кесеміз. Құйрығын жоғары көтеріп, сосын қатты қағазды сулап үстіне киттің денесін қоямыз. Қанаттырн жасауүшін екі бірдей бөлшекті үзіп алып, домалықтап сосын сәбіз пішініне айналдырып, сәл жалпайтамыз. Денесіне су жағу арқылы орналастырамыз. Аузын жасау үшін стекпен жаймен кесеміз. Енді китті көк түсті гуащпен бояп шығамыз. Екі көзін бұршақпен жасаймыз. Енді нені ұмыттық, арқасында не болады. Әрине арқасында су бұрқақ болады, оны шашақталып қиылған түтікшемен жасаймыз. Міне китіміз дайын болды. Киттеріңді алып оны теңізге жіберіңдер.
III кезең: рефлексиялық –түзетушілік:
Қортындылау. Көк кит:
Балалар сендерге үлкен рахмет! Маған өзімнен айнымайтын достар жасап бердіңдер, енді мен жалғыз емеспін. Күнде достарыммен ойнайтын болдым. Менің сендерге беретін сыйлығым бар, балаларға кит бақалшықтағы  маржандарды сыйлайды. Балалармен коштасып теңізге достарымен жүзіп кетеді.
Балалар бүгін біз  қайда саяхатқа шықтық?
Киттер қандай болады?
Суда өмір сүретін қандай жануарларды білесіңдер?
Қандай киттің түрлерімен таныстыңдар?
Китті қалай, ненемен мүсіндедік?
Су асты патшалығында нелер өмір сүреді?
Біздің саяхатымызға кім кедергі жасады?
Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнадыма?
Балалар бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңдар!

А.А.Косалиева,
Астана қаласы, №38 «Шаттық»
балабақшасының бейнелеу өнері мұғалімі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.