Home » Балабақша » Көңілді жолаушылар

Көңілді жолаушылар

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі; Қоршаған ортамен танытыру

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін үйретіп, жол белгілерін, велосипед ережесін таныстырып, алғашқы көмек көрсетуді үйрету, бағдаршам жарықтарына талдау жасау, өрт сөндіру құралдарын білу. Еске түсіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, байқағыштыққа жауапкершілікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Макеттер, ойыншықтар, өрт сөндіру және алғашқы жәрдем құралдары, жол белгілері, викториналық сұрақтар, шар, үнтаспа, белгі беру таяқшалары пайдалынады.

Әдістері: сұрақ-жауап, саяхат сабақ, сөйлеуді дамыту, халық педагогикасы, медицина, сурет, дене шынықтыру мен пәнаралық байланыста өткізіледі.

Билингвальді компонент: жол белгілері — дорожные знаки. бағдаршам-светафор

Тәрбиеші: Балалар, сендер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Демек, жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптарды бұлжытпай орындаңдар. Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен, жолдың оң қол қанатымен ғана жүру қажет.

-Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе? Жолдардан қалай өтеміз?

1 бала. Ол үшін біз жол өткеліне барамыз да, бағдаршамның жасыл көзі жануын күтеміз.

Тәрбиеші: Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен, аспай-саспай жүріп тұруы тиіс.

2-бала. Ұшқалақ, ұрыншақ болмауы тиіс, машина алдын кесіп өтуге болмайды.

Тәрбиеші:Бағдаршам-светафор

Балалар, бағдаршам жарықтарын қалай пайдалануға болады.?

3-бала Көшеде бағдаршам болмаса, өзіңнің көзіңе сен, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң оң жаққа мойныңды бұр.

4-бала Қызыл жарық жанса, табанда тоқтай  қал!

5-бала Сары шамы жанса, барынша абай бол!

6-бала Жасыл жарық  жанса, жолың ашық!

Бәрі: Ирек-ирек көшелерден өтуді біртіндеп үйренеміз, барар жерге ешқашан асықпаймыз.

Викторинаның сұрақтары

  1. Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп тұру керек?
  2. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(Жедел жәрдем, өрт машиналарына)

  1. Жолаушы қоғамдық көліктермен жүргенде қай жерден түседі?
  2. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?
  3. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті? (жүргізуші көлікті тоқтата алмай қалған жағдайда адамның өміріне қауіп төнеді)

6.Жол — көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды? (жедел  жәрдем шақыру керек)

«Жолдан өте біл» ойыны.

Шарты: екі топтан бір-бір баладан шығады. Бір-біріне паралель екі сызық сызады, арақашықтық   7-10  қадамдай. Жасыл белгі жоғары  көтерілгенде 1 адым жылжиды, қызыл көтерілгенде 1 адым артқа жылжиды, ал сарыны жоғары көтергенде орындарында қозғалмай тұрады.

Қажетті құрал: Қатырма қағаздан қиып жасалған,ұстайтын сабы бар екі дөңгелекше болады. Біреуінің бір беті жасыл түспен, екінші беті қызыл түспен боялған.

Үнтаспадан естіледі: Уа, халайық, халайық, сөзге құлақ салайық. «Жол белгілері» елінің патшасы Бағдаршам жарлық қылады.Кімде-кім менің патшалығыма келетін   жолдағы тапсырманы орындаса, соған жарты байлығымды беремін және қызметке аламын. Асығыңдар! Бақтарыңды  сынаңдар!

-Балалар, Бағдаршам патшаның жарлығын естідіңдер ғой.Біз жол белгілеріне байланысты көптеген мағлұмат алдық.  Өзімізді сынап көрсек қайтеді.

  1. « Саналы жүргіншілер» бекеті.  Біздің  алғашқы   тапсырмамыз   мынандай:

Тәрбиеші:   Бағдаршам    жарықтарының   белгілеріне    талдау   жасаңдар.

Балалар:  бағдаршамның    жасыл   жарығы   жанса,  жүруге   рұқсат    етіледі.   Сары   жүруге   дайындалуды   білдіреді.,   қызыл   жүруге   тыйым   салады.

Тәрбиеші.   Жиекжол    жоқ  жерлерде   балалар   қалай   жүруі   керек?

Балалар: Ауылда жиекжол жоқ, ондай кезде жолдың   бір   шетімен  келе жатқан көлікке қарам-қарсы бағытта жүруге болады.

  1. «Көңілді жолаушылар» бекеті.

Тәрбиеші: Сендер бағдаршам туралы тақпақ білесіңдер ме?

1-  БАЛА Бағдаршам аты

Көп көзі бар батыр

Тоқ болғанымен заты

Өзінде көп ақыл.

2-бала көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әманда

Ашса кезек үш көзін.

Тоқта, Сақтан, Жол ашық!

3-бала Алса дағы үш көзін

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта, сақтан, жол ашық,

Жүрме жолға таласып.

4-бала Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін жасқанба.

5-бала Әйгілеумен  үш көзді

Жолда дәу тұр үш көзді

Оған жас та кәрімәз,

Бағынамыз бәріміз.

3.»Жол белгілері» бекеті. жол белгілері- дорожные знаки.

Тәрбиеші.  Сендерге қояр талабым, жол белгілері не үшін қажет және олар   қандай   топтарға бөлінеді.

А) Жүргізуші осы белгілерге қарап, жолында тосқауылдар бар,-жоқтығын, бара жатқан жеріне неше шақырым қалды деген сияқты  көптеген нәрселерді

алдын — ала біліп, хабардар болып отырады.

Ә)Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді; ЕСКЕРТУ, КӨРСЕТКІШ,ТЫЙЫМ САЛУ.

Ойын «Құрастыр» балалар бағдаршам, жолдар, үйлер құрастыру арқылы білімдерін толықтырады.

 

Даржанова Асель Төреханова

Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы

 «Ақ көгершін» балабақшасы

Ортаңғы топ  тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.