Мақсаты: Балаларға дәрумендер туралы түсінік беріп, білімдерін кеңейту; олардың дене дамуына қосатын үлестері туралы айту, адамға күш-қуат беретіндігін түсіндіру. Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатыны жөнінде айту. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: «Шаттық» шеңбері, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: жемістер мен көкөністердің муляждары, слайд, ермексаздар, тактайшалар, сүлгілер, бос дәрумендердің ыдыстары, алжапқыш және орамал т.б.
Қостілділік компонент: қыс-зима, дәрумендер-витамины, жемістер-фрукты, көкөніс-овощи, алма-яблоко, шие-вишня, картоп-картошка, сәбіз-морковь т.б.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Жылулық шеңбері
Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше, қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, келіңдер,
Жақын келіп, тұрайық.
Шеңберді біз құрайық,
Таңертең ерте тұрайық.
Беті қолды жуайық,
Тісімізді тазалап.
Денсаулықты сақтайық.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі:
—Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атап беріңіздерші?
-Қыс айының қандай ерекшеліктері бар?
Қостілділік компонент: желтоқсан-декабрь, қаңтар-январь, ақпан-февраль.
Ойын сұрақ: «Көңілді доп»
— Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
— Суықта тоңып қалмау үшін не істеуіміз керек?
— Қандай киімдер киеміз?
Тәрбиеші:Қыс туралы жақсы біледі екенсіздер.
— Балалар, енді біздер дәрумендер туралы айтып көрейік.
— Дәрумендерді қайдан аламыз?
— Жемістер қайда өседі?
— Ал көкөністер қайда өседі?
Тәрбиеші: -Ендеше балалар бүгінгі оқу қызметімізде жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз.
(Слайд арқылы жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету.)
-Балалар жемістер мен көкөністер туралы қандай тақпақтар білесіздер?
1-бала: Мен алмамын,алмамын,
Денсаулыққа пайдамын,
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.
-Балалар, алмада D дәруені бар. Ол ағашта өседі. Алманы жуып жеу керек.
2-бала: Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.
-Балалар сәбізде А дәрумені бар. Ол жерде өседі өседі. Сәбізді жуып, қабығын тазалап жеу керек.
3-бала: Мен қарбызбын, қарбызбын,
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бүйрек, бауырың,
Көмегімді беремін.
-Балалар, карбызда В дәрумені бар. Ол жерде өседі. Қарбызды жуып, кесіп, ішіндегі қызыл тәттісін жеу керек.
4-бала: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
-Балалар шиеде С дәрумені бар. Ол ағашта өседі. Шиені жуып, дәнін алып тастап, жеу керек.
5-бала: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын, пайдам бар.
-Балалар қызылшада В дәрумені бар. Ол жерде өседі. қызылшаны жуып пісіріп жеу керек.
6-бала: Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатамыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
-Балалар, алмада А дәрумені бар. Ол жерде өседі. Картопты жуып, қабығын ашып, пісіріп жеу керек.
Таңғажайып сәт: (Микроб қонаққа келеді )
Микроб: Сәлеметсіздер ме, менің әлсіз де, кішкентай балаларым. Мен микроб деген патшаларың боламын. Сендер мені күттіңдер ме? Мен жеміс-жидектерді жумай жейтін балалардың қасында жүргенді ұнатамын.
Тәрбиеші: Біз сізді шақырған жоқпыз. Біз, балалар, жемістерді жақсылап жуып, тазалап жейміз ғо иә?
Балалар: Иә, апай!
Микроб: Сіздер менімен қалай күресу керек екенін біледі екенсіздер. Менімен дос болмасаңыздар, мен сіздерді сиқырлап тастаймын.
Балалар: Біз сіздің сиқырыңызға сиқырланбаймыз. Сізбен қалай күресу керек екенін білеміз. Жеміс-жидек пен көкөністерді жуып-тазалап көп жейміз. Біздің денсаулығымыз күшті.
Дидактикалық ойын: «Дәрумендерді ажырат»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету, дәрумендердің адам ағзасына қандай пайдасы бар екендігін айту. Түсінік беру.
Шарты: Балалар берілген жемістер мен көкөністерді А және С топтарына бөліп орналастыру керек.
Тәрбиеші:Балалар, бізге хат келген сияқты. Қарап көрейікші. Бәріміз экранға назар аударайық. Балалар, бізге балабақшамыздың дәрігері не айтар екен, тыңдап көрейік.
(Балабақшаның дәрігері көкөністер мен жемістерді қалай жеу керектігі туралы айтып береді)
Сергіту сәті:
Дәрумендер – тірегің,
АВС деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Тәрбиеші: Балалар, дәрумендер тек қана жемістер мен көкөністерде болмайды, сонымен қатар дәрігер апайларымыз арнайы дәріханаларда дәрумендер жасап шығарады.
— Балалар, өзіміздің жеке дәріханамызға барып арнайы киімдерімізді киіп, дәрумендерді жасап берейік. (Сары ермексаздан дөңгелек тәрізді пішіннен түрлі дәрумендер жасайды).
Іс-әрекетті бағалау кезеңі:
Қорытындылау:
— Балалар, дәрумендер дегеніміз не екен?
— Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сіздерге ұнады ма?
— Қандай жаңа сөздермен таныстық?
— Қай тапсырма сіздерге қатты ұнады?
Тәрбиеші: Балалар оқу қызметіне жақсы қатынасқандарыңыз үшін сендерге дәрігеріміз өзінің дәрумендерін сыйлыққа алып келіпті.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дәрумендер туралы түсінікті, білімдерін кеңейту;
Қандай түсініктерді меңгерді: дене дамуына қосатын үлестері туралы айту, адамға күш-қуат беретіндігін түсіндіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жемістер мен көкөністерде қандай дәрумендер болатынын меңгерді.
Мерует Исатайқызы Сауханова,
№10 «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы