Home » Ашық сабақтар » Көңілді доп

Көңілді доп

 

Ересек топ. Сабақтың түрі: сабақ – эстафета.

Сабақтың мақсаты:

— допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м; 4м) басынан асыра лақтыруді үйрету, екі қолмен кеуденең лақтыруді үйрету;

— қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету;

  • баланың денсаулығын сақтау және нығайту.

Қолданылатың құралдар: доптар, модульдер, себеттер, кеглилер, дұғалар, көлбеу тақтай, таяқшалар.

Өтілу орны: дене шынықтыру залы

Билингвалдық компонент: Сәлеметсіздер ме! –Здравствуйте! -Hello, Сау болындар! — До свидания! — Goodbye, доп-мяч-bаll.

Балаларды сапқа тұрғызу. Сәлеметсіздер ме-Здравствуйте-Hello

Балалар бұл не? – Доп-мяч-ball.

Доппен қандай ойындар ойнайды? — Футбол, баскетбол, волейбол, теннис.

Доппен ойнауды жақсы көресіндер ме? — Иә, жақсы көреміз.

Бүгінгі сабақта доппен бірге көңілді болайық!

Шеңбер бойымен жүру жаттығулары:

 

Тәрбиеші:

Жүрісіңнен жаңылма,

Жылдамырақ адымда.

Шапалақта алақан,

Тездет енді, балақан.

— Балалар қолдарын шапалақтап, жүрістерін жылдамдатады.

Екі иықтың тұсында

Екі қолды бүгіңдер,

Енді өкшемен жүріңдер!

— Өкшемен жүру.

 

Тізені сәл бүгіңдер,

Қолды артта үстаңдар.

Алға мойын созыңдар,

Қазға, кәне, үқсаңдар.

 

— Мойындарын созып, қаз сияқты жүру. Аяқтың ұшымен жүру.

Екі жаққа қисайып,

Кәне, аюға үқсайық. — Аю сияқты қорбаңдап жүру. Табанның сыртқы және ішкі жағымен жүру.

Жүгіру — а)тізені жоғары көтеріп жүгіру;

— ә)аяқты артқа тастап жүгіру;

Секіру   — б)белгі бойынша, жоғары секіру.

Жүгіру. Жүру. Тыныс алу — Балалар тыныс алу жаттығуларды орындайды.

Бір қатардан төрт қатарға тұру.

Бір орында жасалатын жаттығулар

  1. Б.қ.-н.т.допты екі қолмен ұстап, төмен түсіріп тұрады.1-қолды добымен алға созып, допқа қарау; 2-қолды добымен жоғары созып, допқа қарау; 3-қолды добымен алға созып, допқа қарау;4-б.қ.(8-10р)
  2. Б.қ.-н.т.допты екі қолмен ұстап, төмен түсіріп тұрады.1-қолды добымен оңға созып, допқа қарау; 2-б.қ.3-қолды добымен солға созу, допқа қарау, 4-б.қ. (8-10р)
  3. Б.қ-доп ұстаған қолды тізеге қойып, аяқты айқастырып отыру.1-дене мен қолды оңға бұру; 2-б.қ.3-дене мен қолды солға бұру; 4-б.қ.(8-10р)
  4. Б.қ-допты оң қолда ұстап, аяқты айқастырып отыру.1-оң жаққа иіліп, допты өзінен неғұрлым алысқа қою. 2-б.қ.(8-10р)
  5. Б.қ-аяқ алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру.1-допты жоғары лақтыру. 2-арт жақтан қолды шапалақтап, доптыекі қолмен қағып алу.
  6. Б.қ-допты екі сирақтың ортасында қысып ұстап, қолды желкеге қойып, шалқадан жату.1- аяқты жоғары көтеру; аяқты түсіру. (8-10р)
  7. Б.қ-доп ұстаған қолды бастан асыра созып, етпетінен жату.1-доп ұстаған қолды және оң аяқты артқа көтеру. 2-б.қ. 3-доп ұстаған қолды және сол аяқты артқа көтеру. 4-б.қ.(8-10р)
  8. Б.қ-доп ұстаған қолды бастан асыра созып, етпетінен жату. 1-доп ұстаған қол мен аяқты бір мезгілде көтеру. 2-б.қ.(8-10р)
  9. Б.қ-аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұрады. Доп ұстаған оң қолды жайлап алға созу, артқа қарай апару, допты сол қолға салу.

Допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2, 4 м)

басынан асыра лақтыру, екі қолмен кеуденен лақтыру. — Бір саптан екі қатарға тұру:

а) арақашықтығы 1,5-2 м допты екі қолымен бір-біріне басынан асыра лақтыру (10рет)

ә) арақашықтығы 4 м допты екі қолымен бір-біріне басынан асыра лақтыру, секіріп. (10рет)

б) арақашықтығы 1,5-2 м допты екі қолмен кеуденең лақтыру. (10рет)

в) арақашықтығы 4 м допты екі қолмен кеуденең лақтыру, секіріп. (10рет)

 

Эстафета ойыны: Бір қатардан екі қатарға тұру.

Командалар салемдеседі: 1. «Жұлдыздар» тобы

Ұран –Біз жұлдыздар баламыз, бәрін жеңіп аламыз!

  1. «Күншуақ» тобы

Ұран – Біз бақытты баламыз, күншуақтай жанамыз!

  1. «Кім шапшаң?»

Ойын шартты: Балалар қатарға тұрып доп қолында, көлбеу тақтаймен жүріп. Допты себетке салады, матрацқа жатып 5 рет жатып тұруды жасап, кеглині айналып допты себеттен алып, артқа жүгіреді, сызықта тоқтап, допты дайын тұрған балаға кеуденен лақтырады.

  1. «Кедергілерден өту»

Ойын шартты: Балалар екі қатарда тұрып кедергілерден өтеді, допты себеттен алып, басынан баскетбол себетке лақтырады, қайтадан себетке салып артқа жүгіреді.

Тыныс алу жаттығулар

«Қанеки балалар, жылынайық!» — Аяқты иықпен сәйкестіріп, қолдарды екі жаққа жаю керек. Алақан ашық, саусақтар бос. «1» дегенде — балалар қолдарын дереу алдына қарай айқастырып, алақандарын жауырынға жеткізеді және тыныс шығарады. «2» дегенде қолдарын қайта екі жаққа жаяды және қайта тыныс алады.

Сапқа тұру.

Балалар, сабақта көңілді доппен достастындар ма? — Иә, достастық.

Ал, енді доп сендерге дос болса, келесі сабақта доппен әрі қарай спорттық ойындар элементтерін үйренейік.

Балалар, өз көңілдеріңді «рефлексия бұрышында» көрсетіңдер.

Сау болындар, балалар! — Сау болыныз – До свидания- Goodbye.

Мариям Сембаева,

№ 2 бөбектер бақшасының

дене шынықтыру нұсқаушысы,

Ақсу қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.