Home » Мақалалар » Көшбасшы білім ордасы

Көшбасшы білім ордасы

Еліміз дамыған сайын ғылым мен білімге деген талап күн санап өсіп келеді.Техникалық құндылықтар үстемдік құрған кезеңде құзыретті мамандар даярлау өмірлік қажеттілік.

Осы орайда бүгінгі уақыттың тамырын тап басып,еңбек нарығындағы нақты талаптарға жауап беретін мамандар даярлауда И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі өзге әріптестерінен оқ бойы озық келеді.Тамырын тереңге жайған колледж 88 жылдық тарихын толайым табыстармен қарсы алып отыр.

Оқу орны Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 279 «Қызылорда облысының білім басқармасының атауын өзгерту туралы қаулысымен»  Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» болып қайта аталды.

Оқу орнының техникалық және кәсіптік білім беру кеңістігіндегі орны оның миссиясы арқылы анықталады.

Колледж миссиясы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның өндірістік әлеуетін және экономикасын дамыту үшін жоғары деңгейдегі теориялық және тәжірибелік дағдыларға ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.

Колледж миссиясында көрсетілгендей құзыретті маман даярлау мақсатында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде 2013-2014,2016-2017 оқу жылдарында 2 мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесінің оқу үрдісі енгізілді, олар:

1.1502000 – «Агрономия»

2.1232000 – «Шыны талшық және шыныдан жасалған заттар өндірісі»

 

Дуалды оқытуда тәжірибені ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, «Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минмистрлігі жанындағы «Кәсіпқор»холдингі»КЕАҚ басқарма басшысы Э.М.Бимендинамен келісім-шарт жасадық. Нәтижесінде жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын енгізіп, жұмыс жасай бастадық.

2016-2017 оқу жылынан бастап КЕАҚ «Кәсіпқор» Холдингі» ұсынған жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары негізінде модульдік оқыту үдерісінің сынақ алаңына енгізілген мамандықтар: 0902000-« Электрмен қамтамасыз ету», 1304000-«Есептегіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету», 2017–2018 оқу жылында КЕАҚ “Кәсіпқор” холдингі”ұсынған жаңа үлгідегі оқу бағдарламалары негізінде модульдік оқыту үдерісінің сынақ алаңына енгізілген мамандықтар: 1513000“Ветеринария”,0902000 – “Электрмен қамтамасыз ету” (салалары бойынша ), 1304000–“Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” (түрлері бойынша), 1224000 – “Сүт тағамдарының өндірісі”,1410000 – “Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу», 1508000–“Орман шаруашылығы, бақ-саябақты және ландшафты құрылыстар”,0907000 – “Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері” (түрлері бойынша), 1303000 – “Теміржол қозғалысында автоматика, телемеханика”, 1504000 – “Фермер шаруашылығы” (бейін), 1114000 – “Дәнекерлеу ісі” (түрлері бойынша)

Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты эксперимент режимінде енгізу туралы»

2018 жылы 26 маусымдағы №305 бұйрығына сәйкес колледжде 1304000– «Электрондық есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыздандыру» (түрлері бойынша)», 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша), 1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», 1306000 – «Радиотехника және байланыс» (түрлері бойынша) мамандықтарын қолданбалы бакалавриат бойынша эксперименталды алаңына енгізіліп, оқу бағдарламалары дайындалуда және модульдық-кредиттік жүйе бойынша оқытылуда.

Білікті мамандар даярлауда, материалдық- техникалық базаны нығайту мақсатында колледж 2016 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.Оқу-ғылыми-өндірістік орталығы ұйымдастырылды.Нәтижесінде колледжіміздің 6 арнайы пән оқытушылары өз мамандықтары бойынша осы оқу орнының магистратурасын бітіріп шықты. Колледж миссиясын жүзеге асыру мақсатында Құлан ауылшаруашылық колледжінің «Ветеринария» мамандығына, Қазалы көлік-техникалық колледжінің «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету»мамандықтары бойынша Халықаралық Даму банкі бөлген гранттарға алынған зертханалық оқу жабдықтарын бірлесіп пайдалану жөніндегі келісім-шарт жасалып, жыл сайын оқытушылармен студенттер іс-тәжірибеден өтуде.

                   

Серіктес мекемелермен  жұмысты күшейту мақсатында колледжде индустриалдық кеңес жұмысы ұйымдастырылған.

Колледж индустриалдық кеңесінің мақсаты:

1.Өндіріс талаптарына сай білім беру бағдарламаларын өзектендіру, яғни шынайы өндіріске

оқу орнының бағдарламаларын бағыттау(дуалды,модульдік оқыту)

2.Өндіріс орындарымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту(келісім-шарттар, меморандумдар,

өткізілген іс-шаралар)

  1. Жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын жасауға серіктес мекемелерді қатыстыру (дуалды,

модульдік оқыту бағдарламаларына)

  1. Қазіргі нарыққа байланысты жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларына жыл сайын өзгерістер мен

толықтырулар енгізіп отыру;

КМҚК И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі 26 -27 ақпан аралығында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің институционалдық және 28 ақпан-1 наурыз аралығында мамандандырылған аккредиттациядан өтті.

29 сәуір 2018 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Аккредитациялық кеңесінің шешімімен КМҚК И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі институционалдық және 10 мамандық бойынша мамандандырылған аккредитациядан өткендігі туралы шешімі шықты.

  1. 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету»(салалары бойынша)

2.1108000 – «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және

техникалық қызмет көрсету»

3.1201000 – «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету»

4.1203000 – «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және

басқару»

5.1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

6.1401000-«Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану»

7.1405000 – «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және

пайдалану»

8.1410000 – «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану»

9.1502000- «Агрономия»

10.1513000 – «Ветеринария»

1201000-«Автокөлікті жөндеу,пайдалану және қызмет көрсету»,1513000″Ветеринария»,1502000-«Агрономия» мамандықтары бойынша құзреттілік орталағын ашу мақсатында 262 млн тенге көлемінде қаржылық-экономикалық негіздеме жасалып Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігіне және қаржы министірлігіне ұсынылды.

Біліктілік пен жаңашылдықты басты ұстанымына айналдырып,модульді,дуалды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тәжірибесіне енгізген оқу орны болашаққа үлкен сеніммен қарайды.

 

 

Ермұхан. Б.Б
 И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда

 аграрлық техникалық жоғары колледжі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,

ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты

ҚР білім беру ісінің үздігі

«Үздік педагог-2015»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.