Көркем еңбек сабақтарын оқыту процесінде тек принциптер ғана емес, сонымен қатар оқыту әдістері қарастырылады. Әдіс оқу материалын теориялық және практикалық меңгеру формасы болып табылады. Оқыту әдістерінің алуан түрі бар. Олардың көпшілігі ұқсас сипатта болады, сондықтан топтарына бірігеді. Осылардың бірі көрнекілік тәсілге тоқталайық.
Көрнекілік тәсілдердің шартты түрде екі үлкен топқа бөледі: көрсету (демонстрация) және көркемдеу (иллюстрация). Көрсету білім алушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстардың, процестердің, объектілердің олардың сапасының әсер етуі. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде қарастырады. Оқушылар заттардың құрылысын көру арқылы құрылымы, қасиеті, заттың пішінін, түсін, қандай бөлшектерден тұратынын, олардың үлкендігін, бір-бірінен айырмашылығын, өмірде қолданылуын, қандай материалдардан жасалғанын, қалай біріктірілгенін тез түсініп қабылдайды.
Көптеген жаңа модельдер заттардың технологиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.
Көрсету әдісі көркемдеу әдісімен тығыз байланысты: заттарды көрсетіп және қабылдау, қабырға газеттердің көмегімен символдар түрінде, олардың процестерін және құбылыстарын, технологиялық карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, сызбалар, кестелер, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б.
Көрнекі құралдарды көрсетудің екі тәсілі бар: біріншісі- тақтаға ілінген көрнекі құралдар, бұлар қимылдамайды, екіншісі- қимылдайды.
Түрлі түсті, үлкендігі әр түрлі көрнекілік білім алушылардың сабақты немесе тапсырманы тез түсінуіне көмегін тигізеді.
Қорытындылай келсек, көрнекілік тәсілдер оқу материалын білім алушылар көзімен көріп, нақты түсінулеріне мүмкіндік береді.
Айдарбеков Тойшыбек Мауленұлы,
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы
Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп лицейінің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі