Қазақ әдебиеті түрлі көркем шығармаларға бай. Бірақ сол шығармаларды оқып, өзіне үлкен ой-түйін алып жатқандардың саны шамалы. Ұлы Абайдай жазушылардың еңбектерін оқудың тиімділігі туралы бірі білсе, бірі білмейді. Егер олар көркем шығармаларды оқудың тиімділігі туралы білгенде, кітапханаларды босатпаушы еді.
Көркем әдебиетті оқу адамның рухани баюына біден-бір септігін тигізеді. Әрбір шығарманың бетін ашқан сайын оқып отырған адам оның тылсым дүниесімен, жаңа идеялармен танысып, өзінің рухани қазынасын толтырады. “Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол ” деп бекерге айтылмаған. Көркем шығармаларды оқу кем дегенде адамның оқуға деген талпынысын арттырып, ой-өрісін кеңейтеді.
Көркем әдебиет — аға ұрпақтың бізге қалтырған бағалы мұрасы. Әдебиет арқылы өмірдегі түрлі жағдаяттарда өзімізді қалай ұстау керектігін үйрене аламыз. Мысалы, қазақ тілі сабақтарында мен сыныбыммен әлі күнге дейін өзекті мәселерді талқылайтын шығармаларды оқимын. Солардың бірі, Дүкенбай Досжанның “Ар соты” шығармасы. Шығармадағы кейіпкер өзінің өмірінде кездескен түрлі кедергілер мен қиыншылықтарға қарамастан, кез келген жерде өзінің адамгершілік қасиетін, адалдығын, жауапкершілігін сақтап қалуды оқырмандарға ерекше сипаттап, ой салады. Шығармадағы кейіпкер өзінің іс-әрекеттерімен жүрегінен терең орын алды.
Мен әр жас жеткіншектерге көркем шығармаларды оқуға кеңес беремін. Әдеби көркем шығарамалар жас жеткіншектердің ой-өрісін, тіл байлығын дамытары сөзсіз. Ал оған мектебіміздің бай кітапхана қорын пайдалана отырып, өз деңгейімізге сай көркем шығармаларды оқу тиімді болатынына сенімдімін.
Ал бүгінгі жаһандану дәуірінде рухани қазынамызды кітап арқылы байытып, өмір бойы оқу, іздену арқылы жаһандық азамат болып қалыптасуымыз қажет. Жаһандық азаматтың көкірегі ояу, өз алдына мақсат қоя білетін, сол мақсатқа жету жолында ұлтымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғалтпай, алған білімдерін халқымыздың игілігіне жұмсап, еліміздің дамуына үлес қоса білу. Сонда ғана еліміз дамыған 30 елдің қатарына кіріп, көшбасшы елдердің алдыңғы қатарында тұратыны анық.
Елбасымыз «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп атап өткендей, қазірден алдымызға нақты мақсат қоя білсек, еліміз үшін алар асуларымыз бен биік шыңдарды бағындырарымыз сөзсіз деп білемін.
Гүлзат Карейбаева,
Семей қаласы,
ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 «д» сынып оқушысы