Home » Мақалалар » Көркем тілді, терең ойлы тамаша қойылым кейіпкерлері

Көркем тілді, терең ойлы тамаша қойылым кейіпкерлері

Осыдан 25 жыл бұрын тағаны қаланған қаладағы №34 «Ақ бидай» балабақшасы 365 бүлдіршінге тәлім-тәрбие беріп, ғылым-білім жолын нұсқап келеді. Орыс қазақ топтары аралас білім ордасы тәрбиеленушілері жас ерекшеліктеріне қарай 12 топқа бөлінген.
Үш жыл қатары

нан бала қиялына терең бойлай білген балабақша ұжымы «Ертегілер» бағытында қалалық семинар өткізіп келеді.
Соның жалғасы 28 қараша күні өткен «Ғажайып ертегілер әлемі» тақырыбындағы семинар тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде өз деңгейінде өтті.Ұлы педагог Ы.Алтынсарин: « Бала кезде үш жастан он екі ж

асқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті бәрін де ертегіден алады»деген. Шын мәнінде халық даналығының айнасы, өмір тәжірибесін танытар тәрбие құралы саналатын ертегі болашақ ұрпақты жан-жақты дамыту адамгершілікке баулу жолында үлкен рөл атқаратыны даусыз. Күнделікті бүлдіршіндерге бақыт қуаныш сыйлауды мақсат етіп жұмыс күнін бастайтын балабақша тәрбиешілерінің көпшілігі ұзақ жылғы еңбек өтілі бар өзіндік тағылым –тәрбие беру жолы қалыптасқан педагогтар.
Балабақша ғимаратының кіргеннен көркемдік жағы көздің жауын алады.Талай мәрте жүлделі орынды қанжығалаған балабақша ұжымының жеңімпаз кубог, мадақтамалары, жеңімпаздардың фоталары тіпті күнделікті  өтетін шаралардан естелік суреттерге дейін қабырғаларға ілініп қойылған Биылғы жылы «Ертегілер білгірі» олмпиадасында Есімхан Нұрасыл бас жүлдені, Оробинский Георгий III дәрежелі диплом, «Жұлдызды жол» олмпиадасындаАлексютина Дарья III орын, Серікбай Талант мадақтамаға ие болып балабақша мерейін бір көтеріп тастады. Жолда жүру ережесі брейн-ринг сайысында I,IIорынды иеленіп жеңімпаздар тұғырынан көрінді.
Сахналық қойылымдар арқылы балалардың үш тілде сөздік қорын молайту, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ертегілер мазмұнын жаңғыртуды міндет еткен тәрбиешілер мен пән мұғалімдерінің алға қойған мақсаты анық көрінді.Семинар шымылдығы Әнұранмен ашылып,«Туған жер» әнін тәрбиешілер табиғи дауыста хормен шырқағанда жүрегі тебіренбеген жан қалмады.
Сәлемдесу арқылы психолог Кабжанова Гүлнұрдың ойнатқан сергіту ойыны жиналған жұртты бір –біріне жақындастыра түсті. Семинардың  жүргізушілері үш тілде ойларын жеткізе алатын өжет әрі өздерін еркін ұстай білетін балғындардан таңдалып алынғаны да тақырыптың ашылуына сеп болған.Көптен күткен ең тамаша көрініс кішкентай топ бүлдіршіндерінің «Аңқау тышқан» қойылымы болды. 3 жасқа енді толса да өзін нағыз әртістей сезініп, жүктелген рөлін керемет ойнап шыққан тышқан образындағы Абулхақ Алиханның өнерін айта кетпеске болмайды. Балабақша табалдырығын аттағанына екі ай ғана болған бойларынан балалықтың исі аңқып, тәп-тәтті қылықтарының өзі тартымды бүлдіршіндерді сахналық қойылымға дайындап үлгірген тәрбиеші Саликова Айгүл Ермекқызымен музы

ка жетекшісі Кабиева Жанар Каиргельдиеваның еңбегі ерен.
Ортаңғы топтың дайындаған «Достық» ертегісі жас буынды адамгершілікке, кішіпейілділікке баулып, бірлікке шақырған қойылым болды. 20 жылдық еңбек өтілі бар білікті тәрбиеші Минина Елена Викторовнаның жетекшілік етуімен шыққан қойылымда айтар ой, тәрбиелік мән бар.
Ағылшын, қазақ, орыс тілі пәндерінің ұстаздары Закарьянова Индира Қасымбекқызы, Калмаханова Самал Уралбековна, Дьякова Татьяна Витальевна, және тәрбиешілер, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар Гумарова Зауре Кабековна, Ерубаева Сарбиназ Хамитовна, Воронаева Любовь Николаевна үйретері көп білікті мамандар екені еңбектерінен көрініп тұрды. «Үш тұғырлы тіл-ұлттың келешегі» аясында өткен «Қызыл телпек» ертегісі осы сөзіміздің дәлелі. Нағыз өнерлі балалардан құралған ұжымдық жұмыс, қуанарлығы екі даярлық тобының әртістері әрқашан бірге дайындалуға үйренген. Өзге топты жатырқау, тартыну дегенді білмейтін бағындардың өзара ынтымақтастығы мақтауға лайық жұмыстың нәтижесі.
Қорыта келгенде 30

жылға жуық осы салада еңбек етіп, бала тәрбиелеудің әрсатысынан өтіп, меңгерушілікке дейін көтерілген балабақша меңгерушісі Рысбаева Назкен Рыстыбайқызы барды бағалап, айналасындағы жандармен қарым-қатынаста да жоғары адамгершілік көрсете білетін, өз жұмысына, бала тәрбиесіне жаны ашып асқан жауапкершілікпен қарай білетін іскер басшы.
Барлық істі ұйымдастыра білетін тәрбиешілерге бағыт-бағдар көрсете алатын әдіскер Смағұлова Күмесжан Неғметжанқызының да еңбегін атап өтпеске болмайды. Аталмыш семинарға қонақ ретінде қатысқан №35 «Ертегі», №33 «Алтын дән», №10 «Бөбек» балабақшаларының меңгерушілері Рахменова Ләззат Ғалымжанқызы,Кеңесова  Айсұлу Егізбайқызы, Исақызы Бахыт өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жаңашылдық мен заман ағымына сай білім мен тәрбие берудің ұтымды жолына «Ертегі» әлемі арқылы бойлай білген балабақша тәрбиешілері мен басшысына жылы лебіздерін білдірді. Семинарға қатысқан №1 «Бәйтерек»балабақшасының тәрбиешісі Тастандиева Гауһар, №33 «Алтын дән» балабақшасының ағылшын пәні мұғалімі Сая Оңдасынқызы да әріптестерінен үйренері көп екенін жеткізді, Баласы үшін барын салған тәрбиешілер мен ұжымға ата-аналар атынан Бейсембаева Анар, Кульбаева Салтанат шексіз ризашылығын білдірді. Семинар өткен зал ішін безендіруге үлесін қосқан Саденова Асель Махсутовна балабақша мен ата-ана арасындағы сыйластыққа толы қарым-қатынасты көрсете білді. 180 –нен астам тәрбиеленушісі бар шағын орталықтың әдіскері Нағима Тасболатқызы басшылық жасайтын шағын ұжымда балабақшаның ажырамас бір бөлігі. Ертеңгі ел болашағы саналған білімді ұрпақ тәрбиелі ұл-қыздарымызды қатарға қосу жолында үлестерін қосып келе жатқан осындай ұжымдар қатары арта берсін.

Әлия Ғалымбекқызы,,
«Білім айнасы», Астана қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.