Көркем еңбек сабақтарында шығармашылық жобаларды жасауға бағытталған
зертеушілік қызмет
Ғылым адам санасына болмысы бөлек,
ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру
арқылы ғана терең ұялайды.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Қазіргі уақыт талабына орай қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті — оқушылардың бойында қиын мәселелерді шешу барысында баламалы көзқарастарды салыстыра отырып салмақты шешімдер қабылдай алатын және сыни тұрғыдан ойлай білетін қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушыларға сұрақ қоя білуді және жауап бере білуді, жаңалықтар аша білуді және іздену процесіне қуануды үйретуге бағытталған оқу процесін қалай құруға болады? Бұл жерде маған көмек ретінде технологияның сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдері, шығармашылық жобамен жұмыс барысында қолданатын элементтер келеді.
«Жоба» сөзі (латтының projectus сөзінен алынған) «қимыл жоспары», «ниет», «ұсыныс» дегенді білдіреді. Жоба – болжалды кемшіліксіз бейненің немесе болатын нысанның прототипі. Оқудың шығармашылық жобасы барысында өзі қалыптастырған және бұйымды дайындауды ойдан іске асырған, субъективті немесе объективті жаңашыл қабілеті бар және мұғаліммен кеңесе отырып, жұмысын бақылау барысында орындай білу деп түсіну.
Шығармашылық жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері, шығармашылық ойлау, өздігінен құрай білу, ақпараттық кеңістікке бейімделе білу, сыни тұрғыдан ойлай білу қабілеттері жатыр. Жобалардың тәсілдерін қолдануда оқу барысының әр кезеңіндегі мектептегі білімді игеру барысында оқушылар білімді және білуді интегралдауға мүмкіндік алады.
Жоба — бұл «бес П»: Проблема. Жобалау (жоспарлау). Ақпаратарды іздеу. Өнім. Презентация.
Мұғалім шығармашылық жобамен жұмыс істеу барысында жалпы:
— оқушыларға қажетті ақпаратты табуға көмектеседі;
— ақпарат көзі болып өзі табылады;
— барлық үдерісті үйлестіреді;
— оқушыларды көтермелейді;
— оқушылардың жобалармен тиімді жұмыс жасауы үшін қайта байланысты ұдайы қолдап отырады.
Оқушылардың жоба тәсілдері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында мен оқушылардың жекелеген оқыту түрлерін ғана емес, сондай-ақ топтық жұмыс түрлерін де қолданамын. Топтық жұмыс қатысушыларды іскери бағытпен, қарым-қатынаспен, сыныптастарын жақсы қырынан тану, өзін солармен салыстыру, өзіндік бағалау шеңберін ұлғайту жағымен қызықтырады. Сонымен қатар, топтық жұмыс оқушылардың қызығушылық бойынша бірігуіне мүмкіндік береді. Тапсырманы белгілі мерзімде орындауға тәрбиелейді, өйткені осыдан бүкіл ұжым жұмысының жемісін көруге болады. Көркем еңбек сабақтарында түрлі материалдарда өңдеу тәсілдерін ғана қолданып қоймаймыз, сондай-ақ аяқталған көркем бейнелерді жасаймыз.
Өзімнің көп жылдық ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, сабақ мазмұны неғұрлым оқушылардың көңілінен шықса, соғұрлым даралық танытуға мүмкіндік туып, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алатынын айтар едім.
Жобалық тәсілдерді қолдану кәсіби ынталандыруды дамытып, оқушылардың танымдық және жасампаздық қабілеттерін қалыптастырады.
Менің алдымда тұрған басты міндеттердің бірі, технология мұғалімдеріне білім жүйесін жақсы білетін, ептілік пен жалпыға қажет дағдылық қабілеттері бар белгілі бір тұлғаны қалыптастыру қажет. Мақсатты білім алуға және кәсіби бағыттын анықтау үшін оқушыны қалай даярлау керек? Оқушыларды белгілі бір еңбектің түрімен таныстырып, түрлі бағыттар бойынша ой-өрістерін кеңейту керек.
«Көркем еңбек» пәні – білім беретін сала, математика, физика, химия, биология бойынша ғылыми білімдерін жинақтайтын бағыт. Олар өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығында, байланыста, халыққа қызмет көрсету саласында қолданыс табады. Оқушылар сабақтарында түрлі материалдарды түрлендіруге және белгілі бір еңбек өнімін шығаруға мүмкіндік алады. Жобалық қызметті жүргізу кәсіби тұрғыда өзін-өзі билеп, қызығушылығына байланысты мамандықты таңдауға, қажеттілікке және мүмкіндіктерге жол ашады. Жобалық қызмет үдерісіндегі өзін-өзі дамытуды таңдалған қызмет саласы бойынша жүзеге асыруға болады.
Мен үшін оқушылардың бейімділіктерін қалыптастыруға және оларды көрсете алу үшін мүмкіндігінше жағдай жасау. Бір жағынан тұлағының бейімділік жағына көп көңіл бөлу керек. Оқып жатқандардың зерттеу жүргізу барысында жаратылыстану-ғылыми, жалпы техникалық және арнайы тәртіп жағынан біріктіру білімі, базалық кәсіби құзіретті қалыптастыруға әкеледі. Жоба мұғалім мен оқушы үшін еңбек өнімі ретінде, іздену тәсілі ретінде және зерттеу құралы ретінде маңызды.
Шығармашылық жоба бойынша жұмыстың кезеңі, шағын зерттеу жұмыстары бес кезеңнен тұрады.
Шығармашылық жобалау кезеңдерінің мазмұны.
1.Проблема.
Бұл сатыдағы басты міндет – көптеген проблемалардың маңыздысын анықтау.
- Проблемалық саланы ұғыну.
Ол үшін сұрақтарға жауап беру: проблема, қай салада маңызды?
- Нақты қажеттілікті анықтау. I шағын зерттеу.
Үшінші кезеңнің басында жобаны орындау бойынша қандай мәселе тұрғандығы және қандай бағыт бойынша жұмыс жүргізу керектігі белгілі. Сонымен қатар нақты не қажет? Ол үшін I шағын зерттеу жүргізу керек. Үдеріс барысында «жобалау» қажеттілгі туындап, жағдайға байланысты деңгейі анықталып, шешу жолдары зерттеледі.
Барлық оқушы жобаның тақырыбын өзі таңдай алмайды. Осыған байланысты менде «жобалар банкі» қалыптасты. Оқушыларға шығармашылық жобалардың тақырыбын және қажетті ақпараттарды тез табу үшін ең қызықты материалдарды нұсқаулық карта түрінде ресімдеймін. Бұл жерде фотосурет немесе сурет беріліп, жұмыстың қысқаша мазмұны баяндалады.
4.Нақты міндеттің анықтамасы және оның тұжырымдамасы.
Нақты қажеттіліктің болуымен нақты міндетті тұжырымдауға болады. Мәселен, оқушыға нақты кезеңде спорттық сөмке қажет болды делік, сонда міндет келесідей қалыптасады: құрастыру және сөмкені жасау.
- Негізгі параметрлерді айқындау және шектеу.
Негізгі параметрлерді айқындау және жағдайға және тілекке байланысты бағытталатын белгілі бір өнімді шектеу,
Шығарылатын спорттық сөмке келесідей болу керек:
— 50*25*25 см мөлшерден артық болмау керек;
— төмен бағаны құрауы керек;
— көп функциялы және жан-жақты болу керек;
— әдемі болу керек.
- II шағын зерттеу (дәстүрді, тарихты, үрдісті айқындау)
Белгілі бір нәрсені жоспарлау, құрастыру барысында сапалық және жаңашылдық жағына сүйене отырып жаңа, өзіндік, қайталанбайтын өзіңнің жұмысың болу керек. Бұл зерттеудің осы жерде көп көмегі болады.
- III шағын зерттеу. «Ойластыру жұлдызшалары» кластерінде құрылады.
Бұл кезеңде «ойластыру жұлдызшалары» құрастырылады. Ортасына өнімнің атауын жазып, жан-жағы келесідей сипатталады:
*Жұмыс барысында қандай материалдар қажет болады.
* Қандай құралдар және жабдықтау қажет болады.
* Өнім қандай түрде болады, дәстүрді және жаңаша сәнді сақтай ма.
* Арналған өнімнің дизайны ішкі көрініспен сәйкес келе ма.
* Барлық моделдеу және құрастыру кезеңдерін жазып отыру керек.
* Жасау технологияларының барлығын жазып отыру керек.
* Жоба шығынды болмас үшін жұмыс соңында алғашқы құнын есептеу керек.
- IV шағын зерттеу. Идеяларын, түрлерін, баламаларын жүзеге асыру.
Осы кезеңде туындаған мәселелер бойынша барлық идеяларды тіркеу қажет. Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Ал егерде осылай болса ше?.. Өнімді осы нұсқада жасасам ше?.. Басқа материалды пайдаланған жағдайда не болады (мысалы киіздің орнына жұқа киізді пайдалану)?..» Олар фраза түрінде жазылып, эскиз түрінде салынуы мүмкін.
- V шағын талдау. Талдау и синтез идеялары. Тиімді нұсқаны таңдау.
Барлық идеяларға «иә» немесе «жоқ» деген кесімдерді ұсыну керек. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек: қолжетімділік, құны, материалмен қамтамасыз етілу, еңбек сыйымдылығы.
Таңдалған әр идея нақты бағаланған жағдайда ең жақсысын тез таңдауға мүмкіндік болады.
Әрі қарай жобамен тікелей жұмыс жасалынады:
- Материалды таңдау.
11.Құралдарды, жабдықтарды таңдау.
- Технологиялық жобаларды құрастыру.
- Жұмыс орнын дайындау.
- Экономикалық және экологиялық негіз.
- Сапалық бақылау.
- Технологиялық операцияны орындау.
17.Коррекция.
- Бақылау, сынау.
19.Жазбалар. Жарнама.
20.Безендіру.
- Жобаны қорғау.
Шығармашылық жоба бойынша жұмыстың кезеңдерін талдау барысында көп жылдар бойы ғылыми жұмысқа оқушыларды тарта отырып зерттеушілік қызметке қандай шешуші рөл беріледі.
Жоба бойынша жұмысты орындау барысында оқушылардың қызығушылықтарына үлкен мән беру керек. Олардың дайындық деңгейлері әр түрлі болғандықтан оқудың жекелеген және сараланған түрін қолданамын.
Жобалардың сәтті жүзеге асуы үшін келесі әдістерді қолданамын: миға шабуыл, рөлдік ойындар, проблемалық сұрақтар. Жобалық жұмыстардың мазмұнын оқушылардың қызығушылықтарымен ұштастырып отыру керек. Сонда ғана олар кәсіби қызмет саласын игеруге талпынатын болады.
Оқушылар өз жобаларын қорғау барысында сыныптастарын, мұғалімдерін жұмысты орындау барысындағы әділдікпен, ынталылықпен, шығармашылықпен, ықпал ету тәсілдерін қолдана отырып, ұсынылып отырған шешімдерге дәлеледер келтіріп, жұмыстың маңыздылығын сендіруге үйренеді.
Жобамен жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының қызметі әр түрлі келеді. Алайда екеуі де бір-бірімен қатар жүреді. Оқушыларға әрдайым кеңес, қажетті материалдарды қалай іздеу керектігі, көрнекі ақпаратты қалай жасау керектігі, презентацияда өз ойын қысқаша түрде қалай айту керектігі туралы және т.б. түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Жобаларды дайындау барысындағы барлық кезеңдерде сарапшы ретінде емес мұғалім кеңесші және көмекші ретінде қатысады. Оқу барысында оқушылардың рөлі де өзгереді: үдерістің белсенді қатысушылары ретінде қатысады. Жұмыс тобындағы қызмет олардың команда болып жұмыс істеуіне, қалыптан тыс шешімдер шығаруына көмектесіп, ортақ жұмыста өздеріне белгілі бір жауапкершілік алып, жұмсаған күштеріне және алған нәтижелеріне қуанады.
Шығармашылық жұмыс барысында балаларда істеген жұмыстарына толық және терең қанағаттанушылық болады. Балалардың шығармашылық белсенділігі артып, әлеуметтік позициясы айқындалады. Сонымен қатар мектепке деген махаббаты, еңбекке деген махаббаты оянады.
Жобаларды істеу барысында оқушылар зерттеу жүргізуге, тиімді шешімдер қабылдауға, өзінің қабілеттерін бағалауға, диалог құрауға, мамандық таңдау барысында шығармашылық күштерін жандандыруға мүмкіндік алады.
Шығармашылық жобаны орындау үдерісінде оқушылардың әр бөлшекке күштері жұмсалып, дайын бұйым жеке шығармашылығы болып табылады. Бұл тиімді еңбек жолындағы мәңгі есте қалатын маңызды қадам. Жобасын орындаған әр оқушы еңбек тәрбиесіне қадам жасап, эстетикалық тұрғыда дами түседі. Ұлттық өнердегі үлгілерді пайдалана отырып, өзінің өнімдерін шығарады.
Бейнелеу және технология сабағында орындалатын жобалардың тәсілдік ерекшелігі барлық жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Тоқыма, пластика, сүрек, темір, халықтық үлгідегі кәсіпшілік және қолөнер, кулинарлық өнімдер, сызбалық жұмыстар, техникалық шығармашылық жұмыстар, дизайн жатады.
Жобаның тәсілі барлық «Технология» оқу бағдарламаларына жеңіл жатады.
«Сәндік – қолданбалы өнер элементтеріндегі материалдарды технологиялық көркем түрде өңдеу» бағдарламасының бөлімі бойынша 10-сынып оқушысы мынадай тақырыпты таңдады: «Киізден жасалған сәндік өнер». Тақырыпқа сәйкес сәндік торсықтар, түйелер жасады.
8 сынып оқушысы Калиева Гүлжанның таңдаған жобаның тақырыбы: Газет түтікшелерінен жасалған сәнді құмыра.
Коррекционды 4ә сынып оқушыларымен өз қиялдарымен суреттерді аяқтау арқылы өздерінің қиялдарын дамытып, сурет арқылы өз ойларын ашық бейнелеп береді.
Шығармашылық жобамен жұмыс істеу барысында мен балаларға шыдамды, табанды болуға және табиғатты сүюге тәрбиелеймін. Үлкен өмірге даярлау үшін дербес болу керектігін айтамыз.
Жобаларды көлемді жасауға, көптеген идеялармен бөлісуге, сәндік-қолданбалы өнер жағынан қабілеттерін көруге уақыт және мүмкіндіктер жеткіліксіз. Өйткені оқу уақыты шектеулі. Сол себепті сабақтан тыс пән бойынша үйірме жұмыстарын жүргізуге тура келеді. «Шебер қолдар» үйірмесі қабілетті және өнерге бейім балаларға үлкен жол ашады.
Мектепте және мектептен тыс жерлерде өткізілетін көрмелердің маңызы өте зор. Бұл жерлерде балалардың жұмыстарын достары, мұғалімдері және ата-аналары бағалай алады. Оқушылардың жұмыстары практикалық бағытты ұстанып, бейнелеу өнері, тарих сабақтарында, мектептегі іс-шараларда көрнекіліктер кеңінен пайдаланылады.
Жұмысымның нәтижесі жүре-жүре көріне бастады: балалар қиын көркем бұйымдарды жасауға уақыттарын және күштерін жұмсап, өздерінің жобаға деген қызығушылықтары арта түсті.
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, педагог, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Жобалардың негізінде балалардың бойында шығармашылыққа деген қызығушылықтары артып, еңбектенуге үйренеді. Менің мақсатым — білімімді, қабілетімді оқушылардың бойына дарыту. Әрдайым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жұмыс барысында оқытудың түрлі технологияларын кеңінен қолданудамын.
Әдебиеттер:
- Әлмұханова Г «Шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау»,2003ж
- Қошанова М «Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту» бастауыш мектеп №1,2004ж
- М. Мұқашев; А. Сейтімов; Н.Хамзин «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Фолиат» баспасы; Астана – 2008 жыл.
- Р. Мизанбаев «Живопись»; Алматы – 2005 ж.
- 5. Е. Каменева «Кемпір қосақтың түсі қандай»; Алматы «Өнер» 1981ж.
Амирханова Айгуль Амангельдиновна,
«№ 21 мектеп- лицейі»КММ,
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі,
Көкшетау қаласы