Home » Балабақша » Көркемдік- эстетикалық әлеміне саяхат

Көркемдік- эстетикалық әлеміне саяхат

Әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары болады.  Сол секілді біздің де, өзімізге тән ерекшелендіріп  тұратын  ұлттық құндылықтарымыз бар. Әдет-ғұрыптарымыз, ертегілер, мақал-мәтелдер, лиро –эпостық және батырлар жыры, мәдениет, ұлттық қолөнер, тұрмыстық бұйымдар, жұмбақтар, жаңылытпаштар осылардың барлығын ұлттық құндылықтарымызға жатқызамыз.Елбасымыз«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт –дәстүріміз, тіліміз бен  музыкамыз, әдебиетіміз жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымызды дәріптеп, ұлттық құндылықтарымыздыбойына сіңірген, білімді де, саналы ұрпақ қалыптасу керектігін атап айтты», осы тұрғыда бізде, өз үлесімізді қоссақ деген  оймен ұлттыққұндылықтарымызды  ұлықтау мақсатында балабақшамызда, «Ұлттық құндылықтар негізінде көркемдік-эстетикалық  тәрбиелеумен  білім беру мазмұнын рухани жаңғыру» бойынша эксперименталды алаң ашылып, өзін-өзі тану және әлеуметтік психология кафедрасының доценті п.ғ.к Ф.Н Жумабекованың жетекшілігімен  жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай №1 Бәйтерек балабақшасының 2 ғимаратында, балабақша меңгерушісі Г.К Бектурганова, әдіскер А.К Есенгулованың ұйымдастыруымен, ұжым болып,«Көркемдік — эстетика әлеміне саяхат» тақырыбында іс -шара өткіздік. Іс-шара бірнеше бөлімдерден  тұрды.  Ең алдымен балабақша педагог-психологі  Ш.М Такекова «Сәлем — сөздің анасы…» тақырыбы  бойынша ата — аналармен және өзге балабақша ұстаздар қауымымен бірге танысу мақсатында ойын түрін жүргізді. Келесі кезекте, ұстаздар  шығармашылығынан, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр? » ертегісі бойынша қойылым көрсетілді, бұл ертегіні таңдап алғандағы басты себебіміз, ертеден ата бабаларымыздан қалған құнды мұраларымызды дәріптей отырып, балаларымызға мейрімділік, достық, адалдық қасиеттерді бойларына сіңдіре  білу.
Іс-шарамыз «Жақсы көңіл күй –жан азығы»,«Жіптік курс» технологиясы бойынша жалғасын тауып балабақшамыздың педагог-психологі жаңатренингтік  ойын түрін бұдан ары да, жалғасын тапса деген оймен ұстаздарға ұсынды.Ұлттық қол өнерімізді дәріптеу мақсатында,  «Өнершінің қолы алтын »тақырыбында балабақшамыздың бейнелеу өнер жетекшісі Н.Р Абильдинова мастер – класс өткізді, бұл іс-шараға ұстаздармен қоса балабақша бүлдіршіндерінің ата-әжелері қатысып, өз үлестерін қосып, жұмыс барысында халқымыздың қарапайым да, қайталанбас құнды тұрмыстық бұйымдарының  бірі құрақ көрпешені ұстаздармен біріге отырып тікті.Ақсақалдарымыз болса қамшының жасалу түрлерін көрсетті.  Ертеде  шеберлеріміз  қазақ халқының болмысына тән, кигенде ыңғайлы киім үлгілерін тігетін болған. Соның ішінде қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдерінің  өзіндік ерекшеліктері бар екендігін айта келе, әжелеріміз әйел кісілердің бас киім үлгілерінің жасалу түрлерін көрсете отырып, әрбір кейімнің шығу тарихына тоқталып,  кеңінен  түсінік берді, қосымша қолға және басқа тағатын әшекей бұйымдардың да жасай отырып, өз шеберліктерін көрсете білді.
Әрбір жасалған бұйымдарды  аналарымыз қазқтың көнеден келе жатқан түрлі ою — өрнектермен безендірді.Ерте кезде аналарымыз киіз басу, кілем тоқу секілді қолөнер жұмыстарын жасай отырып, халық әндерін нақышына келтіре орындап, ортаның сәнін келтіре түскен, аналарымыздың салып кеткен керемет сол дәстүрлерін жандандыру мақсатында, қолөнер жұмыстарын жүргізу барысында, балабақшамыздың музыка жетекшісі Н.Қ Молдағұлова ұлттық музыкалық аспабымыз домбырамен күй шертіп,топ тәрбиешісі Г.С Булекбаева тамылжыта ән шырқап, әжелеріміз қосыла орындап, ортамызды одан ары жандандыра түскендей болды.«Ақылды қария- ағынды дария »деп айтылған нақыл сөздерімізде үлкен мән жатыр, бізде де, осы өткізілген семинар барысында ата-әжелерімізден үйренгеніміз көп болды.
Іс-шара соңында педагоктар арасында, пікір алмасу, талдау, ұсыныстар тыңдалып, балабақша меңгерушісі Г.К Бектурганова келешек өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізге  халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін, өнерін, ауыз әдебиетін үйретіп, білімдіұрпақ тәрбиелеу мына ұстаздар біздің басты міндетіміз болып саналады  дей келе семинарымыздың жоғарғы деңгейде өткендігін айтып қортындылады. Бүлдіршіндерімізді  отансүйгіштікке, ата — баба салт — дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршамызға  бірдей міндет болып, саналады.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Әли Лейли Жұмабайқызы,
НұрСұлтан қаласы әкімдігінің
  №1 «Бәйтерек» балабақшасының педагогы. 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.