Home » Мақалалар » Көп тіл білген көпті ілер

Көп тіл білген көпті ілер

«Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама деген сөз»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Ресей телеарналарының біріне берген сұхбатында: «Қазақстан Республикасында көптеген ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді, біз мұны осал жағымыз емес, мықты жағымыз деп есептейміз» деп айтқан. Шынында көп тіл білгеннің артықшылығы болмаса, кемшілігі жоқ. Осы қасиетімізбен біз өзге мемлекеттерден жоғары тұрмыз.  ХХІ ғасыр —  іздемпаздық пен ой талаптылардың ғасыры. Елбасының бір сөзінде «Заман ағынынан тыс қалған тұлға көштің соңында, шаңында қалады» демекші, тұғыры биік үш тілді қолдану әлемдік державада емін-еркін қатынасуда, сенімді кепіл болмақ. Өмірде, ең маңызды деп, екі саланы айтар едім:

Бірі – ұстаздық болса, бірі –дәрігерлік сала. Білімді ұстаз адамның жанын емдеп жазса, ал дәрігер ше? Адамның жаны мен тәнін де қоса емдеуге икемделеді.

Осы орайда Қазақстан –Ресей Медицина Универститетінде тіл пәндері кафедрасының жылдық оқу-жоспарына сәйкес студенттермен бірлесіп апта сайын «Үш тұғырлы тіл» саясаты ауқымында іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды.

24 қарашада «Жалпы медицина» мамандығының  1 курс  студенттері арасында  ағылшын тілі пәні мұғалімі Исаева Гүлназ Сайлауқызының жетекшілігімен “First Aid” («Алғашқы көмек»)  тақырыбында іс-шара ағылшын тілінде өтті.  «Тіл пәндері» кафедрасының ұжымы толығымен қатысты. Дәрігерлердің мақсаты тек қана емдеу емес, сонымен қатар қарапайым халыққа аурудың алдын алу және төтенше жағдайда алғашқы көмекті әрқашан дұрыс және орынды көрсетуге жол сілтеу.  Шара барысында студенттер үсік шалғанда, аяқ сынғанда, артерия тамырынан қан кетуі кезінде, жүрек-өкпе реанимациясы жағдайларында алғашқы көмек көрсету қажеттілігін  іс-жүзінде көрсетіп, медициналық терминдерді ағылшын тілінде орынды қолдану дағдыларын қалыптастыра отырып, өзара  тәжірибе  алмасты.

Соңында сөзжұмбақ шешіліп, ағылшын тілінде дәрігерлер туралы хормен ән шырқалды. Іс-шараның түйінін 1 курс студенті Алтынәлі Алтай суырып салма ақындық өнерін көрсетіп, өз өлең жолдарымен қорытындылады. Демек, біздің мемлекетімізде ана тілімен қатар, кез келген тілді меңгерген маманның болашағы жарқын.

Өмірдің ауыр кезінде

Алғашқы көмек берсін бе?

Ауырады жан суықта

Бастан өткізіп көрдің бе?

Сезесің, көресің бәрінде

Алғашқы көмекті жаттап жүр өзіңде

Кешігеді пенде ғой бәрі де.

Сондықтан керек жарағыңды сайлап жүр өзіңе.

Қиын білемін бірақта,

Бес күндік мына сынақта.

Нелер келіп, не кетпейді

Адам дейтін пенделіктің басына.

Бәріміз ақ халатты дәрігерлерміз келешекте

Ойламаңдар оңай деп бұл тірлікте

Адамның өмірін құтқаратын болғандықтан

Ұмытпаңыз алғашқы көмектен бастауды білуіміз керекті.

 

Исаева Гульназ Сайлауқызы
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ағылшын тілі оқытушысы

Айдархан Мақсат
«Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенті

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.