Алматы қаласы, Жетісу аудандық №87 жалпы білім беретін мектепте «Земля отцов, земля-святая» мерекелік кеш өтті. Қазақ тарихына үңіле отырып, өткен кезеңді насихаттаған іс-шара белсенді болды. Кешті ашу үшін Жетісу ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Умралиева Сания Алденовнаға сөз берілді. Кеш қонақтарының қатарында Жетісу білім бөлімінің басшысы-Құсайынова Салтанат Амангелдиевна, Алматы қаласы білім басқармасының Әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу орталығының «Жастар үйі» мекемесінің директоры – Шайенова Ляззат Шаймуратовна болды. Қазақстанның тәуелсіздік алмай тұрып өткізген қиын кезеңдерін қойылым арқылы көрсетті. Оқушылардың оқыған патриоттық жырлары көрермендерді де жігерлендірді. Мемлекеттің дамуын үш биге байланыстыра отырып, көсемдердің дәуіріне көрініс қойды. Бастауыш сынып пен жоғары сынып аралығын қамтыған іс-шара рухани жаңғыру жолын жаңартты. Қонақтардың көпшілігін «Балбырауын» күйі мен «Әскерлер» биі таңғалдырды. Қызығып қараған көрермендер санында шек жоқ. Ән мен биге қоса, бейімді оқушылардың сахнадағы сабырлылығы кештің керемет өтуіне себеп болды. Жүздеген жанардың қошеметіне бөленген кеш мәресіне жетті. Кешті қорытындылау үшін Жетісу ауданы білім бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдиевнаға сөз берді. Алғысын айта отырып, мектептің дайындығына жоғары баға берді. Сөз соңында «еліміздің тыныштығы бірінші орында тұруы керек. Ауызбіршілігіміз арта берсін» — деп алғысын айтып, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Жадыра Бағашар,
Білім айнасы,
Алматы қаласы