Павлодар облысы, Май ауданы бойынша 10 мектепте көптілді оқыту бойынша тәжірибе жүргізілуде. Мұғалімдер үшін алғашқы семинар Малайсары ОМ-де ұйымдастырылды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Ғалия Қалмановна, және биология пәнінің мұғалімі Аманжолова Айдана Қайыржановна кіріктіліген ашық сабақ өткізді. Әдістемелік кабинет әдіскері, тәжірибелі ұстаз Гүлнар Алшынбаевна Джангазинова білім беру мазмұнын жаңарту аясында көптілді білім берудің алғашқы қадамдарымен, Майүбек ОМ ағылшын тілі мұғалімі Альмира Ақылбековна Майманова мектепте көптілде оқыту тәжірибесі бойынша қолданатылатын ақпараттық ресурстармен таныстырды. Білім беру бөлімінің бас маманы Айдана Әбухасенқызы мұғалімдерге арналған «Математиканы үш тілде оқыту әдістемесі» әдістемелік құралының таныстырылымын өткізді.
Тәжірибеге енген мұғалімдерді әдістемелік қолдау мақсатында семинарға Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Алмагүл Серікбаевна Қабылбекова арнайы шақырылып, тәжірибелі ұстаз аудан мұғалімдері үшін «Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Л. Жүнісбекова, Білім айнасы. Павлодар қ.