Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, «Өнер алды ــ қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.
Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
«Қайнар» колледжІнде шетел тілін практикалық тұрғыдан меңгертудің мақсаты — студенттердің әр түрлі салада еркін қарым-қатынас жасай білуін қамтамасыз ету. Студенттер үшін мұндай маңызды салалардың бірі — келешектегі кәсіби қызметі. Студенттерге бұл орайда шетел тілін кәсіби тұрғыдан оқыту мақсатында жоғары білім беру жүйесіне базалық пәндердің міндетті компоненті ретінде кәсіби ағылшын тілі пәні енгізілген. Пәнді оқытудағы басты мақсат — озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып:
- Мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету;
- кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
- мамандық тілінің терминологиясын үйрету;
- кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету;
- cөйлеу мәдениетін дамыту;
- сабақтың танымдық, тәрбиелік мазмұнда ұйымдасуын ескеру;
- термин-ұғымдарды көркем шығарма, ауыз әдебиеті үлгілерімен ұштастыру.
Қазіргі уақытта тіл үйретудің барлық деңгейлерінде оқыту әдістемелері мен теориялары жасалуда. Бүгінгі таңда өзекті де тиімді саналып отырған қазақ тілін деңгейлік оқыту технологиясы тіл үйренудің, тілді оқытудың ең жоғарғы нәтижесі студентті кәсіби маман ретінде тілдесімге шыға алатындай мақсат пен міндетке бағытталып отыр. Осы арқылы жоғары білікті, кәсіби құзіретті маман дайындау көзделіп отыр.
Студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады. Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардар хабардан болып, өзара пікір таластыра алатын дәрежеге жетеді. Ол тапсырмалар студентті тілдік қатынасқа түсіріп қана қоймай, оның ой-өрісін кеңейтіп, өмірге көзқарасына жағымды әсер етуі тиіс. Бұл оқытушының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Өз іс-тәжірибемде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігіне көзім жетті. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Тілдер сөйлейді» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, «Мақал-мәтелдердің үндестігі» салыстыру жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу:
Тақырыбы | қазақша | орысша | ағылшынша |
Отан, туған жер | Өз үйім, кең сарайдай боз үйім | В гостях хорошо , а дома лучше | East or West , home is best |
Оқу, білім | Білекті бірді жығар, білекті -мыңды | Ученье свет, а не ученье -тьма | Leave and learn |
Ал осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық бағыттағы тапсырма «Мына сөздердің баламасын жаз» деп ұсынуға болады. Бұл жерде оқушылар тақырыптық сөздердің үш-тілде баламасын жазуға талаптанады.:
Тақырыбы | қазақша | орысша | ағылшынша |
Амандасу | Саламатсызба | Здраствуйте! | Good morning! |
Тілек тілеу | Жолыңыз болсын! | Счастливого пути! | Happy flight! |
Құттықтау | Жаңа жылыңызбен1 | С новым годом! | Happy New Year! |
Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз.
Кенесова Туйме Кузенбаевна,
«Қайнар» колледжінің ағылшын тілі
пәнінің жоғары санатты оқытушысы