Home » Жаңалықтар » КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ СМАРТ-ТЕХНОЛОГИЯ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ СМАРТ-ТЕХНОЛОГИЯ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

01-dsc_0048Комашева К.И.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша
ПҚБАИ Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2016 жылға арналған Жедел жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылғы 28 қыркүйекте қазіргі көптілді білім беру жағдайында смарт-технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған «Көптілді білім берудегі смарт-технология: тәжірибе және болашағы» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның ашылу салтанатында «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д,  Садвакасова Раиса Аждаровна,  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Ғылыми-зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жантемирова Дана Советовна Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Филология және көптілді білім беру институты, Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор, Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының академигі Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы, Сүлеймен Демирел атындағы университеті халықаралық қатынас департаментінің директоры, PhD, Британ Кеңесінің штаттан тыс тренері Энес Куртай Чыг,  Қазақ қатынас жолдары университетінің ассоциялық профессоры ф.ғ.к., Сугирбекова Салтанат Ризабековна, ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың эксперт кеңесшісі Стоянова Атанасия Петровна,  ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың ОАББ аймақтық менеджері Гюльназ Саирова, АҚШ елшілігі білім беру бөлімінің менеджері Эльмира Киреева, «Альраминь» ОӘО атқарушы директоры, жоғары санатты ағылшын тілі мұғалімі, Британ Кеңесінің штаттан тыс тренері Бондарева Ануш Арташевнаның заман талабынан туындаған смарт-технологияның білім сапасын арттырудағы маңызы мен ерекшеліктері туралы баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар Қазақстан және Қырғызстан елдеріндегі «Learning A-Z» баспасының ресми дистрибьюторы, смарт-білім менеджері  Юсуф Ерол өз баяндамасынан соң арнайы бағдарламада көрсетілген нөмір бойынша планшет, смарт-фон, суретке түсіру құралын ұтыс ойынына тікті Конференцияға 300-ден астам қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. 01-dsc_0101

«Smart Learning A-Z».

Конференция «Мектепке дейінгі ұйымдардағы көптілді білім беру», «АКТ технологиялары мен педагогиканың ағылшын тілі сабағын өткізудегі тепе-теңдігі»,  ICT and pedagogy at the English lessons»,  « CLIL әдісі»,   «SMART-технологиялар білім беру сапасын арттырудың стимулы ретінде» сынды секциялар бойынша өз жұмысын жалғастырды.

Конференция жұмысының барысында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылады:

  • қатысушылар көптілді білім беруде SMART-технологияларын пайдаланудың педагогикалық принциптерімен танысады;
  • көптілді білім беруде Интернет және мобильді SMART – форматтарын пайдалану стратегияларын талқылау;
  • көптілді білім беру міндеттерін SMART-технологиялары арқылы жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірлеу.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • мектепке дейінгі ұйымдардағы көптілді білім беру;
  • жалпы білім беретін мектептердегі көптілді білім беру;
  • жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беру.01-dsc_0030

Білім берудің жаңа парадигмасы аясында көптілді білім беруде смарт-технологиялар маңыздылығын ескере отырып, конференцияға қатысушылары ҰСЫНДЫ:

  1. Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына (бұдан әрі – Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ):

1) CLIL әдістемесінің шеңберінде тілді оқыту курстарын өткізу тәжірибесі таратылсын, жоғары оқу орындарының, ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың, Британ Кеңесінің, АҚШ елшілігінің өкілдерімен, Алматы қаласы Білім басқармасымен, білім беру ұйымдарының жетекшілерімен ынтымақтастық орнату арқылы курстардың ғылыми-әдістемелік базасын дамыту;

2) педагогтардың қашықтықтан біліктілігін арттыру жүйесін пайдалану бойынша сандық және электронды білім беру ресурстарын бағдарламамен қамтамасыз ету жүйесін құру;

3) Интерактивті білім беру сабақтарында Smart-орта қалыптастыру арқылы біліктілікті арттыру курстары аясында мұғалімдерді сапалы оқытуға жағдай жасау.

  1. Алматы қаласы Білім басқармасына:

1) Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе отырып, көптілді білім беруді Smart-технологияны бағалау критерийлер жүйесін әзірлеу, қала мекемелеріне ендіру;

2) білім беру ұйымдарында интерактивті Smart-орта моделін құру үшін ықпал ету;

3) CLIL әдісін қолданып жүрген пән мұғалімдері, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің смарт-технологияны қолданған ең үздік жаңашыл тәжірбиелерін жинақтау, тарату;01-dsc_0086

4) қала мектептерінде Smart-орта интерактивті білім беру моделін құру жөніндегі жобасын іске асыруға ақпараттық қолдау көрсету.

  1. Білім беру ұйымдарының жетекшілеріне:

1) мұғалімдердің Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында пән мұғалімдеріне арналған тілді оқыту курстарынан өтулері үшін барлық мүмкіндіктер қарастыру;

2) АКТ құралдарын және сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы шебер-сыныптар, ашық сабақтар өткізуді ұйымдастыру.

Конференция қорытындысы көптілді білім беру міндеттерін SMART-технологиялары арқылы жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар болып табылады.

Конференция жұмысының  қорытындысы бойынша көптілді білім беру міндеттерін SMART-технологиялары арқылы жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар жасалынды. Сонымен қатар   «Көптілді білім берудегі смарт-технология: тәжірибе және болашағы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын өткізуде белсенділік танытқан қатысушыларға Алғыс хаттар мен  сертификат берілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.