Көпұлтты, көп жылғы тарихы бар Қазақстан елінде қазіргі таңда көптілді білім беру қазіргі білім беру білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі болып отыр. Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Қазақстан өзінің көпұлтты мемлекет болуымен ерекше және мықты. Оның жерінде керемет көпұлтты кеңістік қалыптасты. Қазақстанның көпмәдениеттілігі – қоғам дамуының озық факторы ретінде» деп, атап көрсеткен болатын. Қазақстанның білім берудегі стратегиялық міндеттерінің бірі — ең үздік Қазақстанның білім беру дәстүрлерін сақтай отырып, мектеп түлектерін халықаралық білім сапасымен қамтамасыз ету.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің — мемлекеттік тіл ретінде — қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде — орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде — ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап өткенін білеміз. Елімізде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі – көптілділік екені делелденіп отыр. Көптілділік өзара байланысты және бір-біріне тәуелді әлем жағдайында жас ұрпақты тәрбиелеудің әрекет етуші құралының бірі ретінде қарастырылуда. Көптілді оқытудың өзектілігі жалпы әлемдік, экономикалық, мәдени және саяси аймақтарға кірігу үдерістері арқылы айқындалады. Көптілді оқытуды біз бірнеше тілдерді меңгеру арқылы әлемдік мәдениетке мақсатты түрде ену, онда игерілген тілдер арнайы білім саласымен сусындаудың, әр түрлі елдер мен халықтардың мәдени-тарихи және әлеуметтік тәжірибесін меңгерудің тәсілі ретінде түсінеміз. Заманауи жаhандану жағдайында ағылшын тілінің ролі күшеюде, ағылшын тілін еркін меңгеру инновациялық технологияларды игеруге, экономикалық және әлеуметтік жобаларды, ғылыми идеяларды және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері алдында үлкен міндет тұр, ол — көпмәдениетті, әлеуметті-белсенді тұлғаны қалыптастыруына септігін тигізетін білім беру және тәрибе беру ортасын құруға өзінің бар тәжірибесін және халықтардың, этностардың мәдени дәстүрлері туралы білімдерін пайдалану. Институт өз іс-әрекетінің басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік қауымдастық жағдайында көптілді, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуды алып отыр. Әр білім алушының жеке қабілеттерін дамытуда көптілді дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ алға қойған мақсатты өз тренерлік корпусты дайындау және орта білім беру педагог кадрларының «Үш тілдік оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде информатика, физика, химия және биология пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары (640 сағаттық)» біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу арқылы жүзеге асырды.
Аталған бағдарламаның әр модулінде ағылшын тілінің деңгейлерін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді спиральділік қағидаты бойынша жетілдіріп оқыту әдістемесі ұсынылған (Teaching Knowledge Test и Teaching Knowledge Test Content and Language Integrated Learning базасында кәсіби құзыреттіліктерін дамыту).
Аталған курс тыңдаушылардың қазіргі заманғы коммуникативтік педагогиканы, ағылшын тілін оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдерін білуге және түсінуге негізделген. Тыңдаушылардың ағылшын тілінде В2 деңгейін игеріп, көптілді тұлғаның жобалау-зерттеушілік іс-әрекетін өзіндік жүзеге асыруға жағдай жасау. Негізгі сұрақтары: үш тілде оқытудың заманауи педагогикалық, ақпараттық технологиялары, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі, бірнеше тілдерді меңгерген көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту.
Елбасымыздың қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығы жайлы саясатын жүзеге асыруда Институт қызметкерлерінің ұдайы ізденісіне, жаңашылдыққа ұмтылуына, үздіксіз өсуге жол ашық, жағдай жасалған. Ол Институт тарапынан әрдайым құпталады.
Қорыта айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі және шет тілдерін жетік меңгеру заманауи қоғамда адамның жеке және кәсіби іс-әрекетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бұның барлығы практикалық және кәсіби түрде бірнеше тілдерді еркін игерген, осыған байланысты қоғамда әлеуметтік және кәсіби жағынан алдыңғы қатарда тұруға мүмкіндігі бар азаматтарға сұраныс тудыртуда. Біз қоғамымызға көптілді білім беруді саналы, сауатты және дұрыс енгізу өскелең ұрпақтың көпұлтты және көпмәдениетті ортаға бейімделуіне, басқа мәдениетке құрметпен қарауға септігін тигізіп, бәсекеге қабілетті, өмірде белсенді, оң көзқарастағы тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
Карбозова Динара Командирқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Академиялық бөлімінің бас маманы