2017 жылдың 29 наурызы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Қылышбекова Нұрсәуле «Көптілде білім берудегі озық тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісінде насихаттау» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Облыстық семинар жұмысын «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы ашып, көптілде білім беру – көптілді тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті.
Аталған іс-шараға Алматы облысына қарасты Іле, Райымбек, Жамбыл, Ескелді, Қаратал, Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қаласындағы орта мектептер, гимназиялардың өзге тілді сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., А.Х. Мұхтаров облыстық семинардың мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттіліктер тіледі.
Облыстық семинардың мақсаты – өзге тілді (орыс, ұйғыр) сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Облыстық семинарды қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, , саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Қ. Ауелгазина іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етті.
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН
АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»