Home » Мақалалар » Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру – «Мәңгілік Ел» идеясының негізі

Көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру – «Мәңгілік Ел» идеясының негізі

 

Елбасының ұлттық-рухани тәрбиеге орайластырып жазған «Болашаққа бағдаррухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы үлкен қоғамдық талқылау тапты. Өйткені, Елбасы айтып отырғандай біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды қазірден айқындап алуымыз қажет. Мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетін бағыт-бағдарын  жүзеге асыру міндеттерінің маңызы зор.
Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ ОҚО ПҚБАИ  өткізілген «Ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастық пен этносаралық татулық — көптілді және көпмәдениетті  тұлғаны қалыптастыру негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік  конференциясының тақырыбы өзекті. Ұлтаралық  ынтымақтастық пен  ұрпақтар сабақтастығы тарихи жағдайында көпмәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру стратегиясын нақтылауда педагогтер мен ғалымдардың тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған конференцияға еліміздің түпкір-түпкірінен жүз қырықтан астам  ұстаздар қатысты.
           «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Л.Т.Искакова  институттың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқандығын, үштілділікті енгізу барысындағы жаңалықтарға  тоқталып, әлеуметтік, технологиялық және мәдени салаларда орын алған  күрделі өзгерістер  арасында білімнің қайта құрылуының мәні мен орнын атап өтті.
Конференцияға қатысушылар сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін, педагог – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімділігі, тұтас дүниетанымы қалыптасқан тұлға екендігін, көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілікті әр педагог өзінен бастауы керектігін қызу талқылады. Үйренуге талпыну — әлеуметтік қажеттілік екендігін, білім –қоғамдық құндылықтардың  маңыздысы әрі білім алу мен тәрбие алудың өзара байланыстылығына тоқтала келе, қазіргі заманда  көптілде оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік екендігі туралы пікірлер айтылды.
Сонымен қатар қазақстандық патриотизмді мағыналық жағынан толықтыратын құрылымдық элемент – елдегі этносаралық және дінаралық келісім саясатының көпшіліктің қолдауына ие болуы мен бұл ұғымның толыққандылығы да осы идеяның іс жүзінде іске асуымен тығыз байланысты екендігін айта келе, ұлттар мен халықтардың бір мемлекет ішіндегі оқшаулануы мен әлеуметтік-мәдени, құқықтық жағынан шектелуі қашан да ұлтаралық қатынастың дағдарысына әкелетіндігі туралы әңгіме қозғалды.
ОҚО өзбек драма театрының  директоры Хашимжанов Икрам Акрамұлы өзінің тілек сөзінде Қазақстан жерінде көп ұлттардың татулықта өмір сүріп, болашақтың іргетасын бірге қалап келе жатқандығын айта келе, Елбасының іскерлігі мен сындарлы саясатының нәтижесі екендігін ерекше атап өтті.
Қатысушылар бүгінгі таңдағы өзекті болып отырған тілдік білім берудегі құзыреттілік,  мәдениаралық қарым-қатынасты дамытудағы маңыздылығы және  көптілді білім беруге әдістемелік қолдау көрсету қажеттігі мен  оның әлеуметтік және психолингвистикалық аспектілерін кең қарастырып, көптілді және полимәдени білім беруді дамытуда оқушылардың  функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарының бірі ретінде полиэтникалық қоғамды кіріктіру мен тілдегі санқырлылықты сақтай отырып, мұғалімдер біліктілігін көтерудің мазмұны бойынша ұсыныстар дайындады.

 

Г.К.Айберова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ ОҚО ПҚБАИ
«Қоғаммен байланыс және баспа ісі» бөлімінің басшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.