Home » Ашық сабақтар » Көнерген сөздер

Көнерген сөздер

Озғанбаева Ұлболсын Түркменбайқызы   

 Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы,

№9 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.

Тәрбиелік: өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс,  талдау.

Сабақтың барысы:

Сабағымызды  қазақ тілі туралы өлеңімен бастайық.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен  амандасу, кезекшінің мәліметі, сабаққа назар аударту. Сыныпты топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Әр  топтан бір оқушы ереже айту, бір оқушы жазып келген сөйлемдерін оқу.

Ендеше үй тапсырмасын ия,жоқ ойынымен қорытындылайық.

  1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп атала ма? (иә)
  2. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер кіре ме?
  3. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, термин сөздер де диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіре ме? (иә)
  4. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөліне ме? (иә)
  5. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрамайды. (жоқ) құрайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көнерген сөздер

Жақсы балалар ендеше бүгінгі жаңа сабағымызды  бастаймыз «Ой қозғау»

Психологиялық байланыс.

Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?

Оқушылар өз ойын айтады.Оқушылардың ойын толықтыру.

Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс — тіршіліктің, әдет — ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.

Көнерген сөздер мағынасына қарай тарихи сөздер, архаизмдер болып бөлінеді.

Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Мысалы:

  1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, т. б.
  2. Қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т. б.
  3. Кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарба, т. б.

Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.

  1. Мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т. б.2. Әдет — ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т. б.
  2. Үй тұрмысы, киім — кешек, ыдыс — аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т. б.

Кейбір сөздердің қайтадан жаңаратын кезі де болады. Мысалы:

  1. Кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран.
  2. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоян, ұлу, т. б.
  3. Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, т. б.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.

Оқулықпен жұмыс:

Топтық жұмыс:

149-жаттығу.Қолдарындағы  А4 бетшеге жаңарған сөздерден мұнара жасау.

Бұл жаттығуда көбірек ойланып, ізденуіміз керек.

150-жаттығуды 1-топ жазбаша. Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек жазыңдар. Бұл жаттығу әр оқушының шапшаңдығын, жылдамдығын көрсетеді.

151-жаттығуды  2- топ ауызша орындайды. Көнерген сөздердің сипатын анықтау. Бұл жаттығу оқушылырдың ойлану, еске түсіру қабілетін дамытады.

152-жаттығу 3 – топ ауызша орындайды. Мәтінге ат қою. Берілген сөздер сөздік қордың қай атауына жататынын анықтау. Бұл жаттығу оқушылардың тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамытуға ықпалы зор.

153-жаттығу 4-топқа беріледі. Оқушылар тағамдардың дайындалу ерекшеліктеріне тоқталу. Бұл жаттығуда оқушылардың сөздік қорын молайтуға әсері көп.

154-жаттығу суреттер топтамсындағы 9-сурет. Көнерген сөздердің мағынасын ашу. «Бес қару» туралы өз ойларын айтады.

Сергіту сәті. Экранға қарап қимылдарды орындау.

154-жаттығу. Әр топтан бір оқушы шығып ұлттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазу.

  1. Сабақты бекіту.

Ойын түрінде. Қима қағаздарды өз топтарына қосу.

  1. Үйге тапсырма.

156-жаттығу. Берілгеніне қарай орындау.

Көнерген сөздерге байланысты мақал-мәтелдер жазу. Мысалы: Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Ереже жаттау.

  1. Бағалау.

VII. Қорытынды.

Біле бер қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле — біле» деген Жүсіп Баласағұнның тілегімен бүгінгі  сабағымызды аяқтаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.