Білім беру саласы: Таным.
Ұ.Қ.О: Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде) атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті өтсін!
Деніміз сау болсын!
-Балалар, сендер балабақшаға немен келіп жүрсіңдер? — машинамен, шанамен.
«Кім қандай көлікпен келді» ойыны. Ойын шарты: балаларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып, балабақшаға қандай көлікпен келгендігін сұрайды.
-Ғажайып сәт: Қоян келіп балаларға қиын жағдайға тап болғанын, көмек керек екнін айтады.
-Балалар қоянға көмектесеміз бе?
-Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.
Балаларға көлік түрлерін көрсете отырып, түсінік беру,автобус көлігін таңдап, оған жүргізуші таңдап алайық.Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз?
— Балалардың назарын су көліктерімен таныстырып көрсетіп олар тек суда ғана жүретін көліктер екенін түсіндіру.
— Балалар тапсырма берілген. Қайық құрастыру.
Барлығымыз қайыққа отырып көлден өтейік.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуін алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмкетеседі.
Құстан аумайды
Көкте заулайды.(ұшақ).
— Балалар қараңдаршы алдымызда үлкен таудан ұшақ болып өтейікші.
— Кәне балалар мына орманнан көжектерді тауып алайықшы.
— Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін. Ойын: «Машина мен торғайлар»
Машинаны жүргізуші шопыр болып бір баланы таңдап аламызда, қалған балалар торғайлар болады. Торғайлар жолда жем шоқып, ұшып-қонып жүреді, сол мезете машина пип-пип деп келіп қалғанда, торғайлар ағаш басына ұшып кетеді.
Қоян: Балалар өте ақылды және қайырымды балалар екенсіңдер, енді менің кетуім керек, көжектерім күтіп қалған шығар. Сау болыңдар, сендерге көп рақымет.
Балаларға темір жолды көрсетіп, қандай көліктің жолы екенін сұрау.
Балалардың назарын тақтаға аударып, поезд туралы түсінік беру.
Поездың адам және жүк тасмалдайтын түрі болады.
Поездың көп вагондары паровозға тіркеледі. Поезды машинист жүргізеді.
Ендеше балалар қазір қыс мезгілі болғандықтан қар қалың, жер тайғақ болады.
Жолда келе жатқанда абай болуымыз керек. Машина жүретін жолдан жан-жағымызға қарап өту керек және жолға жақын жүріп ойнамауымыз керке.
Көліктер әуеде, суда және жер көліктері болып бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, автобус, жатады. Балалар біздер көліктер жайлы көп білдік. Ендеше қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!
Арысова Алия Сайлауовна,
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
«Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі