Home » Ашық сабақтар » Көлік түрлері

Көлік түрлері

Мақсаты: Балаларға көлік туралы білім беру. Су, ауа, жер көліктерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Ойлау қабілетін дамыту. Әдептілікке, мейрімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу. 

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау.

Қолданылатын құрал: Техникалық құралдар, көлік түрлері, бағдаршам, жол белгілері. 

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалар, бүгін бізге ерекше күн болмақ, бүгін балабақшаның ересек топтар арасында ойын-сауық болады. Алдымен шаттық шеңберге тұрып амандасып алайық.

Алақанды ашайық,

                Көкке мойын созайық,

                Күн сәулесін алайық,

                Жүрекке жылу салайық,

                Жүректегі жылуды,

                Достарымызға сыйлайық. 

— Жарайсыздар, балалар, айтыңдаршы бүгін аптаның нешінші күні? Ол қалай аталады? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде қандай айлар бар? Көктемде қандай табиғат ерекшеліктері болады? (балалардың жауаптары тыңдалады)

— Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар, көктем туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Тақпақтар.

  1. Өткенді қайталау.

— Балалар, өткен оқу қызметімізде «Туған өлке» деген тақырыпта түсінік алдық. Ал, енді балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз? Ұлтымыз қандай? Ана тіліміз қай тіл? Біз қай ауылда тұрамыз? Біздің жақын қаламыз қалай аталады? (балалар жауаптары)

— Балалар, біздің Ақтау қаламыз күннен күнге көркейіп, әсем қалаға айналып келеді. Онда зәулім-зәулім үйлер, балабақшалар, мектептер, ойын алаңдары көбеюде. Енді, балалар, бүгінгі ойын-сауығымызды бастайық. 

  1. Ғажайып сәт:

Балалармен амандасып, топқа жол полициясы келеді, өзін таныстырады.

-Балалар, бүгін ойын-сауықтарың көлік түрлері туралы екен, сондықтан мен сендерге жолда жүру ережелері туралы түсінік берем және сендердің де жол ережелері туралы, көлік туралы білімдеріңізді тексерейін деп келдім. (Бағдаршам, жолда жру тәртібін үйретеді) 

-Балалар сендерге тапсырмалар берейік қай топ тез, әрі дұрыс жауап береді екен.

1-тапсырма:Бағдаршамның неше көзі бар, қызыл жанғанда нестейміз?

2-тапсырма: — Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз? Әуе көліктерін атап беріңдерші?

3-тапсырма: — Бағдаршамның сары көзі жанғанда не істейміз? Су көліктерін атаңдаршы?

4-тапсырма: — Бағдаршам қызметі қандай? Жер көліктерін атап беріңдерші?

5-тапсырма: — Ұшақты, көлікті, кемені кімдер жүргізеді?

Тәрбиеші, топтардың қайсысы көп тапсырманы орындағанын айтып, мадақтайды.

Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Арқасында ауыл жүр,

Арқасында шауып жүр.     (Автобус)

Тау көтеріп жатыр.  (Кран)

Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан,

Жолда нұсқап тұрады.  (Бағдаршам)

4.Сергіту сәті:  Көлік кетіп барады,

                               Жан-жағына қарады.

                               Бағдаршамда қызыл жанғанда,

                               Көлік тоқтап қалады.

                               Пойыз кетіп барады,

                               Жан-жағына қарады.

                               Бағдаршамда қызыл жанғанда,

                               Пойыз тоқтап қалады. 

  1. Д/О «Бұл қандай белгі?»

Мақсаты: Балалардың жол белгілерін танып білудегі білімдерін тексеру. Жол белгісін сақтау дағдысын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. 

  1. Сұрақ-жауап. – Балалар, көліктер қазір қаламызда өте көп солай ма?

– Ал сендер ауаны, қоршаған ортаны қорғау үшін не істейсіңдер?

– Көліктерде жүргізушілер әдептілікті, мәдениеттілікті қалай жасайды?

– Қане ойын-сауығымыздың соңында жолдан көлік қалай, жаяу жүргізуші қалай жүру керек жолдан жүріп көрсетейік! 

Қорытынды: — Балалар, жол ережесін сақтап көліктермен аман-есен жүрейік. Осымен    бүгінгі ойын-сауық іс-әрекетіміз аяқталды. Қош сау болыңдар! 

Күтілетін нәтижелер: 

Нені үйренеді: Көліктердің түрлерін, айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді. 

Қандай түсініктерді игереді: Көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінікті игереді.

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, тапсырмалар орындайды, жүргізушінің атан атайды. Сұраққа жауап береді, ойын ойнайды, жол белгілерін таниды, көлік түрлерін атайды.

Тукенова Перизат Амангелдиевна,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.