Home » Балабақша » Көліктер

Көліктер

 

 Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Әлеумет.
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Құрастыру, Қоршаған орта
Мақсаты: Балаларды көліктермен таныстыру арқылы сөйлеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік  қорын молайту, Дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастыру. Көліктерді аттарын түрлерін ажыратуға үйрету.
Көрнекілігі: Слайд, көлік түрлерінің суреттері, пано сурет,фигуралар, машина дыбыстары.
Билингвальді компонент: Машина-машина- a machine, ұшақ-самолет-aircraft,  поезд-поезд- a train.
Кеме-корабль -ship, көлік-транспарт- transports.
Балалар қонақтармен сәлемдесіп жылулық шеңберіне шақырамын.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Жақсылықты үйреніп
Боламыз біз жақсы адам!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Здравствуйте! Good morning!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Неше мезгіл бар? Қыс айларын ата? Қыс мезгілінде қандай құбылыстар  болады? Аптада неше күн бар? Жарайсыңдар балалар рахмет! (есік  қағылады )
Ғажайып сәт.
Ертегілер елінен хат келді. Балалар хатта ертегілер әлеміне бізді қонаққа шақырады. Сендер барғыларың келе ме? Бару үшін біз әр түрлі тапсырмаларды орындауымыз керек екен.
Бірінші тапсырмалар жұмбақтар шешу.Үстелдің үстінде суреттер теріс қарап тұр екен.Жұмбақтың шешуін  шешетін болсақ суреттер ашылады.
Жұмбақтар.
1.Құстан аумайды
Көкке самғайды.     ( Ұшақ)

2.Жүргізуші жүреді

Төрт аяқты батырады          ( Машина   )
3.Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды            (   Автобус )
4.Пырылдайды көкте инелік
Инелік емес үй делік           ( Тікұшақ )
5.Бір –біріне қарай үйлер тіркесіп  тұр

Қара тұлпар жүр әрі-бері жүр              ( Поезд)
6.Сымға -асылып, жүр асығып
Дыз-дыз е жүреді
Сымнан ұстап жүреді
Өзіне адам мінеді

Ол не екен?              ( Троллебус)
Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?»
Шарты: Балалар сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.
Ұшақ қайда ұшады?
Машина қайда жүреді?
Кеме қайда жүреді?
Троллебус ше?
Осылардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?
Сұрақ қою арқылы тапсырмаларды орындап берді.Суреттерге қарап отырып топтық жұмыс жасау арқылы суреттерге сөйлем құрайды. Тікұшақ әуеде ұшады. Мен балабақшаға машинамен келдім. Кеме суда жүреді. Жүк машинасы жүк тасиды. Поезд темір жолда жүреді. Балалар суреттер арқылы сөйлемді құрастырды.
Сергіту: «Үйін тап» ойыны.
Шарты: Балалар ұшақ, машина, поезд, ұшақ суреттерін қолдарына алады. Ұшақтың дыбысы естілгенде әуеге ұшады. Шаттық шеңберді айналып бәрі сол баланың артынан ұшады. Әуежай суретіне келіп тоқтайды Поездың дыбысы естілгенде поезд болып жүреді .Вокзалдың суретінің қасына келіп тоқтайды. Кеменің  дыбысы естіледі. Портқа келіп тоқтайды. Машинаның дыбысы естіледі. Гаражға барып тоқтайды. Осылай  балалар көліктердің үйлерін тауып береді.
Балалар сендер енді машина қайда жасалады?
Сендер білесіңдер ме?
Балалар заводта құрастырады.
Кім құрастырады көлік құрастырушылар.
Сендермен біз бүгін көлік құрастырушы болып көліктер құрастырамыз. Заводтарда құрастырушылар бірігіп  құрастырады. Демек бізге көліктердің көмегі бар. Балалар көліктер туралы кім тақпақ біледі.
Медина:Су үстінде кемемен,
Кесіп өттік толқынды.
Қос күрекпен есіп ап,

Су көлігі зырғыды.
Мағжан: Ұшағым бар ойыншық
Ұшырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанда,
 Шаршағанға ұқсайды.
Алииансур: Үлкен болып өскенде
 Машина алам менде,
Бірақ ол үшін әрине
 Оқу керек күнде
Ұжымдық жұмыс:
Бізде топтарға бөлініп құрастырып көрейік.
1-топ « Толағай» топ кеме жасайды.
2-топ «Сұңқар» машина -жасайды
3-топ «Тұлпар» поезд жасайды
4- топ «Барыс» тобы ұшақ жасайды
Геометриялық пішіндерден көліктерді жасаймыз. Қандай пішіндерден тұрады, түстері қандай, үлкен-кіші екенін, қайда ұшады, жүреді кім жүргізетінін атап берді. Жарайсыңдар балалар.
Ия біз жүк машинаны құрастырдық. Жүк машинасын жүргізу үшін не деп айтуымыз керек. Жың –жың –жың деп  оталдырамыз.Ол үшін
Ж- дыбысынан келетін сөздерді машинаға тиеуіміз керек. Мына суреттердің ішінен Ж- дыбысынан басталатын сөздерді жүк машинасына тиедік. Жүк машинамыз жүрді біз саяхатымызды жалғастырамыз.
( Слайд арқылы көрсетіледі )
Ерте, ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы, ат жегілген екі дөңгелекті арбаны алыс жолды жақындату үшін пайдаланған. Ал мульфильмде мыстан кемпір сыпыртқысын, Карлсон өзінің пәресімен ұшатын, пошташы Печкин велосипедін пайдаланды.Кейінірек адамдар машина, автобус, сияқты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктері: поезд, трамвайды ойлап тапқан.
Қорытынды:
Балалар, бүгін біз не туралы өттік?
Көліктер қандай түрлері болады?
-Адамға көлік не үшін қажет?
-Не құрастырдық, балалар?
Бүгінгі оқу қызметіміз осымен аяқталды.

 

Умбетова Гүльназира Ессенғалиевна,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.