Home » Ашық сабақтар » Көлдер. Ахманова Сандуғаш Төленбекқызы

Көлдер. Ахманова Сандуғаш Төленбекқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көлдер, көл қазаншұңқырларының пайда болуы, шаруашылыққа маңызы жөнінде түсіндіру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, кесте, портреттер.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Қолданылатын әдістер: Веер әдісі, ББҮ кестесі, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, ойын, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу, зейіндерін сабаққа аудару.
  1. Психологиялық дайындық.

-Балалар, бір-біріне қарап жымиыңдар, жайланып отырып көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

  • Мен бақытты баламын.
  • Бойымда жылуым мол.
  • Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Енді іштеріңнен бірі-біріңе жақсылық тілеңдер. Енді жайлап көзімізді ашамыз.

Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Онда осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын «Веер» әдісі арқылы оқушылар параққа өткен тақырыптар бойынша сұрақ жазып бір-бірімен алмасады. Келесі оқушы жауап жазады. Дұрыс жауапты бағалайды.

  1. Жаңа сабақ.

(Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға жұмбақ қойылады)

ББҮ кестесі

БілемінБілгім келедіҮйрендім
   

 

Оқушылар осы жаңа сабақ туралы не біледі, нені білгісі келетінін ББҮ кестесінің 1-2 бөлімін толтыр арқылы қорғап шығады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салып болғаннан кейін, «Көл» жайлы бейнеролик көрсетіледі.

Жаңа сабақ жоспары

  1. Көлдер
  2. Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған?
  3. Ағынды және ағынсыз көлдер
  4. Көлдің батпаққа айналуы, көлдердің шаруашылық маңызы.

Көл – ойыстарда судың сақталғандығының нәтижесінде пайда болған су қоймасы. Мұндай ойыстардың пайда болуына байланысты, біз көлдерді түрлерге ажыратамыз. Көл алаптары Жердің бетін қалыптастыратын табиғи күштер әсерінен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады. Соңғысына біз жасанды көлдерді жатқызамыз. Дүниежүзілік мұхитпен тікелей байланысы жоқ, табиғи қазаншұңқырда, ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Жалпы алғанда, көлдер құрлық ауданының 2%-ға жуығын ғана алып жатыр. Бірақ көлдер құрлықта біркелкі таралмаған. Өйткені аумақтағы көлдердің санына (көлділік) климат пен жер бедерінің сипаты тікелей әсер етеді.

Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуын байланысты:

Тектоникалық;

Мұздық;

Мұздық-тектоникалық;

Қалдық (реликт);

Карстілі;

Жанартаулық типтерге бөлінеді.

          Бір кездегі аса ірі теңіз алабының орнында қалған көлдерді қалдық көлдер деп атайды. Олардың қатарына дүние жүзіндегі ең үлкен көл – Каспий теңізі жатады. Африкадағы Чад көлі де шығу тегі жағынан қалдық көл болып табылады. Режиміне қарай ағынды өзен ағып шығатын көл және ағынсыз көлдер, өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпауы мүмкін. Көлдер суындағы тұздылық көрсеткіші 14-тен 300 г/л-ге дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.

Көлдердің пайда болуы.

Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістер кезінде пайда болған мұндай көлдерді техникалық көлдер деп атайды. Мұндай көлдерге Сібірдегі Байкал, Тянь-Шаньдағы Ыстық көл, Алтайдағы Зайсан жатады. Кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде де көлдер пайда болады. Мысалы, Памирдегі Сарез, Іле Алатауындағы үлкен Алматы көлдері, мұндай көлдерді бөген көлдер деп атайды. Бір кездегі теңіздің орнын қалдық көлдер алып жатады. Каспий, Арал көлдері – қалдық көлдерге жатады.

Кейбір көлдер сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болады. Оларды жанартаулық көлдер деп атайды. Мұндай көлдер Ява аралында, Куриль аралында, Камчатка түбегінде бар.

Ағынды және ағынсыз көлдер.

Көл суының көптеген қасиеттері, тұздылығы оның ағынды немесе ағынсыз болуына байланысты. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Ондай көлге тұз жинақталмайды, өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады.

Ешбір өзен ағып шықпайтын көлдер де бар. Оларды ағынсыз көлдер деп атайды. Су ағып шықпайтындықтан, оларда біртіндеп тұз жинала береді. Құрғақшылық аймақтарда көл суы төгелдей буланып кетеді де, түбінде тек тұз қалады (картаны пайдаланып, мысалдар келтіру).

Көлдердің батпаққа айналуы.

Жаңбыр мен қар суы жер бетін шайып, көлге әртүрлі заттарды ағызып алып келеді. Көлдің түбінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары шөгіп шіриді. Соның салдарынан көлдер тайызданады да, оны ылғал сүйетін өсімдіктер басып кетеді. Көлдің тайызданған жеріне қамыс, құрақ, қияқ, мүктерқаулап өседі. Нәтижесінде көлдің орнында батпақтар пайда болады (слайдтарды көрсету).

Көлдің шаруашылық маңызы.

Көлдердің шаруашылықта пайдасы үлкен. Олардың ең 1-ші байлығы – тұщы суы. Көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге, түрлі өндіріске жұмсайды. Көлдер кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Мысалы, Каспий теңізі, Солтүстік Америкадағы ұлы көлдер. АҚШ пен Канада арасындағы су жолы қызметін атқарады. Ладога мен Онега көлдерін айтуға да болады. Көлдер әртүрлі өсімдіктер мен жануарларға бай. Кәсіптік маңызы бар балықтар ауланады. Тұнба көлдерден тұз өндіріледі.

Конверттің ішіне салынып әр топқа тапсырмалар беріледі.                                   

  • «Дүние жүзінің жер-жерінен келген хаттарына, қызықты тапсырмаларына жауап беру. «Қызық хат»

 

№1 хат. Сұрақтар. Қате жауап. Дұрыс жауап 1. Дүние жүзіндегі ең ірі көл? Каспий   (ия) 2. Еуразиядағы Виктория көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл (жоқ, Байкал көлі) 3. Байкал көлінің ең терең жер – 1620 м (ия) 4. Каспийдің ең терең жері 5840 м (жоқ, 1025 м) 5. Сөнген жанартаулардың кратерлерінде ескі арна көлдері пайда болады (жоқ, жанартаулық көлдер) 6. Қазақстанда көлемі жағынан үшінші орынды Каспий көлі алады (жоқ, Балқаш көлі) 7. Жер бетіндегі суға толған баиғи ойыстарды көл деп атайды (ия)

2 хат. Өзендер туралы ақын жазушылардың өлеңінен, әнінен үзінді оқу.

3 хат. Су туралы мақал-мәтелдер айт. (Көлдің көркі құрақ, Таудық көркі бұлақ. Сулы жер нулы жер. Судың да сұрауы бар т.б).

4 хат. Су туралы жұмбақ жасыр. (Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. Жазда ағамын, Қыста қатамын. Ағынды, тұйық қос көл бар, Бірі тұщы, бірі ащы. Осы екі көл сұлудың Қос сырғасы сияқты)

  1. «Сұрақ-жауап» (әр топ сұраққа жауап береді) 1- топ. Көл деп нені айтады? Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 2-топ. Қалдық көлдер дегеніміз не? 3-топ. Көл қазаншұңқырлары қалай пайда болған? 4-топ. Көлдердің шаруашылықта қандай маңызы бар?

Сабақты бекіту:

ББҮ кестесінің 3-ші бөлімін «Алақан әдісі» арқылы толтырады.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма: «Көлдер» тақырыбын оқу. Реферат жазу.

 

Ахманова Сандуғаш Төленбекқызы

№ 52 мектеп-гимназиясының

география пәні мұғалімі,

                   Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.