Home » Жаңалықтар » Көкшетау қаласында І-Халықаралық жас құтқарушылар слетінің салтанатты ашылуы өтті

Көкшетау қаласында І-Халықаралық жас құтқарушылар слетінің салтанатты ашылуы өтті

Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында І-Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылар слетінің ашылуы өтті. Іс-шараға Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық жас құтқарушы қатысады.

Салтанатты ашылуында ҚР ІІМ ТЖ төрағасы Владимир Беккер балаларға құттықтау сөз сөйледі. Ол слетте жас ұрпаққа тән достық жағдай, салауатты бәсекелестік, қуаныш пен көңілді орнайтынына сенім білдірді. Спикер слеттің мақсаты — төтенше жағдайларда құтқару дағдыларын оқытуда жастармен жұмыстың жаңа қызықты түрлерін іздеу, мемлекеттер арасында ұзақ мерзімді әріптестік пен ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру екенін атап өтті.

Сонымен қатар слет қатысушыларын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Ресей құтқарушылар одағы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары Надежда Ершова қарсы алды.

Іс-шара бағдарламасы мынадай конкурстар мен тақырыптық іс-шаралардың түрлерін көздейді: «сапар карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Newspaper-Billboard», «алғашқы көмек көрсету», «техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «су айдындарындағы құтқару жұмыстары».

 

 

 

 

Қазақстан 2018 жылы республикалық біріншілікте бірінші орынға ие болған Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілерінің командасы.

Көкшетау қаласында үш күн жас құтқарушылар-өрт сөндірушілер өткізеді.  Спорттық жарыстар алдында жаңа кездесулер, толқулар мен жинақтылық — осының барлығы балаларды күтеді. Айта кету керек, бұл жас құтқарушылар-өрт сөндірушілердің халықаралық слеті Қазақстан Республикасында алғаш рет өткізіліп отыр.

Іс-шараны ұйымдастырушылар I-Халықаралық слет қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт бойы жылы және құнды естеліктер қалатынына сенімді.

Ақмола облысы ТЖД Баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.