Астана күнін тойлау аясында және Көкшетау қаласының 195 жылдығы қарсаңында көптен күткен автобустар партиясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«YUTONG» маркалы 31 автобус «Көкшетау автобус паркі» ЖШС бастамасымен МЖӘ шеңберінде сатып алынған және қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Көкшетау қаласының климаттық жағдайына бейімделген автобустар қосымша ішкі жылытқыштармен, қыздырғыш айналармен, бейнебақылау камералары, автоинформаторлармен, жолаушылардың қозғалысын және жолаушыларды тасымалдауды есептеуге арналған жүйелермен жабдықталған. Сондай-ақ, автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға жабдықталған.
Ағымдағы жылы Қостанайдағы «СарыАрқаАвтопром» ЖШС қазақстандық зауытында жиналатын YUTONG ZK6108 HGH маркалы 44 қалалық автобустарды жеткізу туралы келісімшарт жасалған.
Жобаның құны 1 588,3 млн. теңгені құрайды, оның 476,49 млн. теңгесі бастапқы жарнаны төлеу үшін тең қаржыландыру түрінде мемлекеттік қаражат болып табылады.
Қала тұрғындарын елеулі оқиғамен құттықтаған өңір басшысы Ермек Маржықпаев қоғамдық көлік – қазіргі заманғы қаланың әлеуметтік маңызды құрамдас бөлігінің бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, осы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысқан барша жанға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, автобустардың екінші партиясы, яғни 13 бірлігі, Көкшетауға ағымдағы жылдың қараша айында келеді деп күтілуде.