Home » Жаңалықтар » Көкшетау қаласында дзюдо күресінен біріншілік өтті

Көкшетау қаласында дзюдо күресінен біріншілік өтті

   Көкшетау қаласында «Бурабай» спорт кешенінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылғы  жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтті. Жалпы саны 108 спортшы қатысқан іс-шараға Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы мен наурыз мейрамына орай өткізілді. Жас спортшылар 38-66+, 34-55+, 24-44+ салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті.Жарыста Көкшетау, Щучинск қалаларындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, «Бірлік» шағын ауданы мен «Бурабай» спорт кешенінің жаттығушылары бақ сынады. Ал, қалалық біріншілікке «Бурабай» спорт кешенінің бас жаттықтырушысы Мұхтар Тоқанов төрелік еткен.  Турнирдің қорытындысы бойынша, жеңімпаз атанған спортшылар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.