Home » Эссе » Көктем

Көктем

Маған жыл мезгілдерінің ішінде көктем қатты ұнайды. Себебі, бұл мезгілде табиғат жаңарып, жануарлар төлдейді, құстар ұя салып, дала бәйшешек гүлдерге толады. Көктем айларында көп мерекелер аталып өтеді. Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы – Наурыз мерекесі, Ғарышкерлер күні,  Бірлік пен ынтымақ күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні болып, жалғаса береді. Наурызда күн мен түн теңеледі.  Адамдардың көңіл-күйлері де көтеріңкі болады. Аулалар, көшелер  тазалартылып, үйдегі ескі сынған ыдыстарды лақтырады. Әр мекеме қызметкерлері өз ауласында көшеттер отырғызып, ағаштарды әктейді. Ауа райы жылынып, адамдар жеңіл киіне бастайды. Мамыр айында оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шығады. Жазғы демалыста ақылымызбен бірге бойымыз да өсіп, бір жылға есейетін боламыз.  Сондықтан да маған, көктем мезгілі өзге мезгілдерден ерекше берекелі боп көрінеді.

                                                                                   Нұртас МАРАТ,
                                                                                          №11 мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.