Home » Жас қалам » Көктем, Әпкелерім, Менің өнерім

Көктем, Әпкелерім, Менің өнерім

Көктем

Көктем келді алақай,

Қуанар барлық балақай.

Жаңбыр жауып күн сайын,

Жайнайды гүлдер алақай

 

 

Менің өнерім

Мен өнерлі баламын,

Бәрін істей аламын.

Анам менен әжемді

Таң қалдыра аламын.

 

Отбасым

Жақсылық деген атам бар,

Ғалия деген әжем бер.

Мұзафар деген әкем бар,

Айгүл деген анам бар.

Төртеуі де төрт түрлі

Атам менің батырым,

Әжем менің ақылшым,

Әкем менің қорғаным.

Анам менің асылым.

Әпкелерім

Мейірімді үш әпкем бар,

Жақсы көрем бәрін де

Мен ақылды болсын деп,

Жанын салар бәрі де.

 Ағам

Ағам менің батырым,

Ағам менің асылым

Ағам менің қамқоршым

Қарындасым болсын аман деп

Қорғап жүрер әрдайым.

 Ұстазым

Анар деген ұстазым

Сүп-сүйкімді, әдемі

Бізге айтқан сөздері
Дәл анардай тәп-тәтті

 

Жақсылық Іңкәр Мұзафарқызы
Тараз қаласы, Жамбыл атындағы
№5 мектеп-гимназиясының
3 «в» сынып білім алушысы

Жетекшісі Садвакасова Анар

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.