Табақ толы бауырсақ, қазан толы көже, мұғалімдер мен оқушылар ұлттық киімде, шанырақ астына орнатылған сахна – бұл Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің дәстүрлі «Көктем фестивалі».
Бүгін Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазастан Халықтарының Бірлігі Күні мен Наурыз мейрамы біріктірілген ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қазақ халқының салт дәстүрін, қолөнерін, музыкасы мен тағамдарын, ұлттық ойындарын дәріптеуді негізге ала отырып, мектеп қауымдастығының ауызбіршілігі мен ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Көктем фестивалі-2019» өткізілген болатын.
Дәстүрлі мерекеге 800-ден астам адам қатысып, мектеп ауласында нағыз мейрам алаңы орнады. Қазақ халық өнері мадақталып, көңілді ән мен күй орындалды. Фестиваль аясында тұсаукесер рәсімі өткізілді. Мұхамбетқазиевтер әулетінде дүниеге келген бір жасар егіздердің тұсауын мектеп директоры Сабыржан Садуақасов кесті.
Мың бұралған бишілер, ұлттық нақыштағы койлектердің түр-түрін киіп, дефилеге шыққан сұңғақ бойлы арулар фестивальдың сәнің келтірді.
Қолөнер үйірмесінің жетекшілері оқушылардың өз қолымен жасалған туындыларын көрсетсе, дене шынықтыру кафедрасы спорттық ұлттық ойындар ұйымдастырды.
Aıgerım Amangosova,
Aqtóbe qalasyndaǵy Nazarbaev