Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;
- Оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу;
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдап, құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, карточка, суреттер, сандық макеті
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,
Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға,
Сәлем деймін аспанға,
Сәлем болсын баршаға.
Буги-буги билейміз
Айналамыз тағы біз
Алақанды соғамыз,
1,2,3 буги-буги Ок.
Ашық болсын айымыз,
Биік болсын туымыз,
Тату болып халықтар
Аман болсын балалар!
- Үй тапсырмасын тексеру Жетон бәйшешек сыйлап отыру
— Кешегі біздің өткен мәтін қалай аталады?
— Кемпірқосақтың неше түсі бар?
— Ендеше қазір біз сол түстерді қойып шығайық.
— Ең бірінші түсі қандай, таңдайды бір оқушы.
Сұраққа жауап беріп, тақтаға іледі.
- Жаңбыр жауардың алдында аспанды не басады?
- Бұлт арасынан шығып, жарқырап сәулесін шашатын не?
- Кемпірқосақ қашан шығады?
- Кемпірқосақтың суретін кім салғысы келді?
- Ақтелпекке осындай кемпірқосақ бола ма?- деген ненің дауысы естілді?
- Күн сәулесі нені жасайды екен?
Білесіңдер ме, табиғаттың әсем көрінісі достық белгісіне ұқсас келеді.
- Біз оны кемпірқосақтың керемет көрінісінен білеміз. — Ендеше, бізде бояулар түстерімен бір-бірімізге деген достық сезімімізді, тілегімізді білдірейік. Балалар:- Ал мен қызғылт түс — гүл сияқты әдемі болып өсейік. — Мен жасыл түс – шөп сияқты Жер-Анаға көрік берер едім.- Мен көк түс – еліміздің туы биікте желбіреп, достығымыз арта берсе екен деймін. — Мен күлгін түс – көктемнің бәйшешек гүлі сияқты бәріне сұлулық тілеймін.
- — Мен көк аспандағы бұлттар сияқты адамдардың бір-біріне ниеті ақ болса деймін.
- — Мен сары түс – күннің көзі сияқты, бәріне жылы шуақ сыйлағым келеді.
- — Мен қызыл гүл сияқты жер беті әдемі болсын деймін.
- — Әр түсіне байланыстырып сөйлем құрастырып айтайық.
- Өйткені олар бір-біріне жақын орналасқан.
Тақтаға: Шашылған сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Көктемде, құстар, жылы, жақтан, ұшып, келеді.
Қазір, көктемнің, наурыз, айы.
— Сонымен біз не құрастырдық?
— Сөйлем.
— Ендеше сөйлем неден құралады?
— Сөйлем сөздерден құралады.
— Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
— Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылады.
— Сөйлем өзі қалай жазылады?
— Бас әріптен басталып, соңына нүкте қойылады.
— Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
— Нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі.
— Мысал келтірейік.
Сұрақтар: Тақтаға көктем мезгілінің суретін іліп қою, артына сұрақтарды жазу. Аспан, күн, жаңбыр, қар, гүл.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктемде қар не істейді?
— Көктемде адамдар қалай киінеді?
— Көктемде ауа-райы қандай болады?
— Бұл көрініс қай жыл мезгілін білдіреді?
— «Көктем»
-Ендеше бүгін біз Төлеген Айбергенов деген ақын ағаларымыздың «Көктем» атты өлеңімен танысамыз.
III. Операционалдық-орындаушылық кезең
154-жаттығу
- Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
- Оқушылардың тізбектеп оқуы /сөйлеммен/
Оқушылар бір-бірін бағалап отырады.
Мәтіннің мазмұны талданады.
Сұрақтар:
А). Ақын көктем мезгілін қалай суреттеген?
Ә). Көктемде қандай құстар ұшып келеді? 1-ші ұзақ қарға, 2-ші қараторғай,
Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? 3-ші бозторғай.
Бүгінгі күнді жазып қоямыз. Тақтаға көркем жазу Кк
Дәптермен жұмыс: 1-жаттығу
Өзіндік жұмыс. Оқушылар тиісті тыныс белгісін қойып, әр сөйлемнің бірінші сөзінің астын сызады. Орындап болған соң, сөйлемдерін тексеру.
Сергіту сәті:
Қазақстанның жері – кең байтақ:
Биік-биік таулары бар.
Терең-терең көлдері бар.
Суда жүзетін балықтары бар.
Жайқалып өсетін ағаштары бар.
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Тақтамен жұмыс:
Тақтада: берілген сызба арқылы сөйлемдер құрау /ауызша/
_______ _______ _______ ба?
_______ _______ _______ нешеу?
_______ ________ ________ _______ .
_______ ________ ________ !
Ойын: «Сиқырлы сандық»
Әр оқушы бір әріптен таңдайды. Сол әріпке оқушылар бір сөз ойластырады. Оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
/Музыка/ құстардың дыбыстарын тыңдату
Қорытынды: Екі қатарға жұмыс түрлерін тапсыру
- Сурет бойынша әңгімелеу.
- Көктем туралы ой толғау. Көктем сөзіне ассоциация.
- Рефлексиялық бағалау кезеңі
Карточка тарату
Бағытпен көрсету: Сөз, Сөйлем, Мәтін
Тақтаға жазып қою: Үйге тапсырма: 98-бет өлеңді жаттау, дәптерде 50 бетте 2-жаттығу
Бағалау: Жетон бәйшешекті санап, сол бойынша бағалау.
Фазылова Кульжан Ермековна
Қазақ мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі,
Петропавл қаласы