Пәні: көркем әдебиет
Сыныбы: 0 «А»
Сабақтың мақсаты:
- Балалардың көктем жайлы түсініктерін толықтыру, жабайы аңдардан, орман көрінісінен мағлұмат беру. Ертегіні түсіндіре отырып, балалардың көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге үйрету, көктем белгісін анықтау.
- Сөйлеу қабілеті мен ой өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
- Табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап;
Сабақтың көрнекіліктері: көктемгі ағаш суреті, гүлдер, жапырақтар, құстар, аңдардың суреті, интербелсенді тақта;
I.Ұйымдастырылуы:
I слайд. «Шаттық шеңбері». Амандасу:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Судай таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
«Сәлем» дейміз баршаға,
«Сәлем» дейміз құстарға,
«Сәлем» дейміз қонақтар мен достарға!
«Сәлеметсіздерме!», «Здраствуйте!», «Good morning!»
Психологиялық дайындық:
«Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ және көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше, ішімізден: «Мен ақылды баламын, мен жақсы баламын, айтқанды тыңдаймын!» — деп қайталап айтамыз да, ыңғайланып отырамыз.
II слайд. (Күн суретін тамашалау, табиғат үнін тыңдау).
- «Күн, күн», неге күлімдейсің?
- «Көктем» келді!
- «Бұлақ, бұлақ», неге сылдырлайсың?
- «Көктем» келді!
- «Жаңбыр, жаңбыр», неге тырсылдайсыңдар?
- «Көктем» келді!
- «Құстар, құстар», неге сайрайсыңдар?
- «Көктем» келді!
Тәрбиеші сөзі:
- Балалар, табиғатымыздың өзі көктем мезгілінің келгенін хабарлап тұр:
- Көктем мезгілінің айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)
- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?
- Көктем туралы тақпақ:Әніміз ғой айтатын.Туған елге қайтатын».
- Көктем деген құстар ғой,
- «Көктем деген қыстағы
- «Көктем» сөзін үш тілде айт. («көктем», «весна», «spring»)
Көктем аруын қарсы алу. (Баяу музыкамен «Көктем Аруы» келеді):
- «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Көктем Аруымын.
Мен көңілді Көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл болып қырда егілем,
Дән болып жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр болып көктен төгілем.
Шуағым төгіп әлемге,
Қуатын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне
Тіршілігін әперем.
- Әр жыл мезгілінің сәні болады:
Күз – сары бояуымен,
Қыс – қарымен,
Жаз – ыстығымен.
Ал, қанекей, балалар, «көктем сәні неде?» –деп ойлайсыздар? (гүлдер, ағаштар, құстар, т.б.) олай болса, қазір біздер орманға саяхатқа барайық. Бізді орманға сиқырлы жел алып барады. «Уфф…» дегенде — ұшасыңдар, «Суфф…» дегенде — қонасыңдар.
II слайд. «Орманға саяхат».
- Аюмен кездесу, тақпақ айту: Қазынасы мол екен.Дорбамызға салайық.
- Жинап, жинап алайық,
- Ормандағы аюдың,
- Іздерді көру. Ненің іздері екенін атау, ол аңдарға тиіспей өтіп кету.
- Қоянды кездестіру. Тақпақ айту:Үркек қоян, сақ қоян,Белден бірақ — асасың.
- Дыбыс шықса — қашасың,
- Ақ қоян-ау, ақ қоян,
IV слайд. Жаңа сабақ: «Көктем сәні» ертегісі.
- Ертегіні мәнерлеп айтып беру.
- Сұрақ-жауап арқылы түсініктерін толықтыру.
V слайд. Сергіту сәті: «Көңілді күн».
- Кітаппен жұмыс.
- Сұрақ-жауап арқылы ертегіні мазмұндату.
- Сөздік жұмыс:Хош иіс – демаласың, рахаттанасың,Мөлдір су – сусыз тіршілік жоқ,
- Салқын самал – таза ауа, жел.
- Жылылық – қоршаған орта,
- Жасыл желек – ну орман, өсімдік,
VII слайд. Шығармашылық тапсырма: «Сиқырлы әріптер»-ден сөз құрау.
VIII слайд. Ойын «Көктем гүлі».
IX слайд. «Бағалау. Мадақтау»
Аралбаева Құртқа Меңдібайқызы
«Айназ» балабақшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Жетібай ауылы