Мақсаты: Балаларды көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: «Көбік құммен жұмыс жасау арқылы баланың сенсорлық қабілетін, ойлау, сөйлеу қабілетінің белсенділігін арттыру. Сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Қолдың бұлшық еттері мен саусақтарының ұсақ маторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу. Көбікпен салынған сурет және қағаз бетіне салынған суреттердің айырмашылықтарын салыстыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері:
— Балалар, біз таңертең тұрғанда аяғымызбен бірінші нені басамыз?
— Жерді басамыз.
— Терезеге қарағанда ең бірінші нені көреміз?
— Көк аспанды, содан кейін күнді көреміз.
Онда біз көк аспанымызда Жер-Анамен, Күнмен амандасайық.
Армысыз, Қайырымды Көк-Аспан!
Армысың, мейірімді Жер-Ана!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Жұмбақ жасыру.
-Көктем мезгілде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілі»
Ойынның мақсаты: Көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға үйрету.
Ойынның барысы: Фланелеграф тақтасына көктем мезгілінің ерекшелігін бейнелейтін суреттерді жапсыру керек.
Ғажайып сәт:
Топқа тамшы кіріп келеді.
-Тамшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Мені таныдыңдар ма?
-Мен – тамшымын, сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім.
-Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?
Кемпірқосақ.
— Балалар, тамшыға Кемпірқосақ суретін салын берейік. Кемпірқосақты түрлі-түсті көбікпен салатын боламыз. Кемпірқосақтың неше түсі болады?
— Түстерін атаңдар?
Қағаз бетіне кемпірқосақ суретін салады.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Ойынның барысы: Музыка әуенімен Күн дегенде балалар қолын жоғары көтеру керек, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығылуы қажет.
Тамшы: Балалар, Маңғыстауда Каспий теңізі бар екенін естіген едім, бірақ теңізге барып көрмеппін, теңіз туралы кім мәлімет берер екен.
Тәрбиеші: Тамшы дұрыс айтасың біздің Каспий теңізіміз бар. Ол өте әдемі және үлкен. Жағажайда жатып демалып суға шомыласың. Ақтау – өте әдемі қала. Теңіз жағасында демалатын және балалар ойнайтын алаң бар. Каспий теңізіне қыста аққулар келеді, теңіздің суы қасиетті, киелі саналады.
-Балалар, теңізді өз қолымызбен тамшыға жасап берейік. Ол үшін бізге кинетикалық құм, суда өсетін шарлар керек болады.
Ойын: «Жағажай»
Тәрелке бетіне құм және шарларды қойып, жағажай жасайды. Су бетіне дайын балықтарды қояды.
Тамшы балаларға алғысын айтып топтан шығып кетеді.
Қорытынды
Балалардың алған білімдерін сұрақ-жауап алмасу арқылы қорытындылайды. Қандай ойын ойнағанын, кімге көмектескенін сұрап балаларды мадақтап, мақтайды.
Бердімуратова Альфия Куанышбаевна,
№5 «Балбөбек» балабақшасы,
Психолог,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы