Home » Балабақша » Көктемгі орманға саяхат

Көктемгі орманға саяхат

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу-қызметі: «Тіл дамыту», «Сенсорика», «Құрастыру»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой-өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: геометриялық пішіндер, үнтаспа, дидактикалық ойындар.

Сөздік жұмыс: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.

 

Әрекеттің кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті
Мотивациялық-оятушылықЖылулық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Балалар бір-бірімен, қонақтармен амандасады. — Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
 

Ұйымдастырушлық- ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық                      жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

— Бүгін бізде ерекше күн, ашық оқу іс-әрекет. Тақырыбымыз: «Көктемгі орманға саяхат»

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Балалар, біз көктем мезгіліне тақпағымызды айтайық.

Балалар, жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын, пішіндер арқылы ортаға салайық.

Ғажайып сәт:

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Қуыршақ Айсұлу келеді.

 Мен сендерді «Көктемгі орманға саяхатқа» шақырамын.

Балалар, барғыларың келе ме?

— Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

— Жарайды, ендеше, пойызбен барайық. Ал кеттік.

Бір шеңбер бойымен жүреді, музыка әуенімен.

Қимылды ойын:

«Поезд». Тіл ұстарту жаттығу. Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік. Гу-гу, гу-гу гуілде, Қалып қойма біріңде. — Балалар, біз міне «Көктемгі орманға» келіп қалдық. Қане, пойыздан түсейік.

Ой, балалар мыналар нелер екен?

Геометриялық пішіндер

Айсұлу – бұл.

Пішіндердің түсін, пішінін сұрау.

—       Қуыршақ Айсұлу, біздің балалардың пішіндер туралы тақпақтары бар.

—  Ой, балалар пішіндер туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

—          Төртбұрыштың түсі қандай?

— Үшбұрыштың түсі қандай екен?
—  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

— Пішіннің түсі қандай?
 Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. 

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні»

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

 Балалар, мына жерде су бар екен, судан тастардың үстінен абайлап өтеміз.

–      Балалар, қуыршақ Айсұлудың мынадай тапсырмасы бар: «Ұяшықтарға геометриялық пішіндерді орналастыру» деген.

 — Балалар, тапсырмасына қарайықшы.

Д\О «Балық аулау».

— Мынау не?

— Балық.

— Балық қайда жүзеді?

— Суда.

— Балықтардың көлеміне қарасақ бірдей ме?

— Жоқ.

Мынау қандай балық?

— Үлкен, кіші, кішкентай.

 — Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз. Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

— Балалар, құрастырып көрейікші. Пішіндерден үй ,балық құрастыру.

— Үй қандай пішіндерден тұрады?. — Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің  Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. — Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет! — Жарайды, балалар, қуыршақ Айсұлумен қоштасып, пойызға отырып тобымызға барайық.

Балалар: — Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік Жүрісті біз үдеттік. Гу — гу, гу гу гуілде, Қалып қойма біріңде.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

 

Көктем

 

 

Көктемде қар ериді, күн ұзарып жылынады, ағаштар бүршік жарады, жылы жақтан құстар қайтып келеді, үлкендер құстарға ұя салады. Көктемгі табиғат жаңарады, барлық тіршілік иелері оянады.

 

 

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

 

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

—          Сәлеметсіз бе?

—          Иә!

—          Пойызбен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды.

 

 

 

Қонаққа баруға келіседі.

 

 

 

Төртбұрышпын, төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаң да, Төрт қабырғам тең бұрышпын.

 

—          Жасыл

 

—          Қызыл

 

—          Жоқ

—          қызыл

  • домалақ

 

 

Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төртбұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын.

 

Дөңгелек:

— Домалақпын, домалақпын, Дөңгелек боп домаладым. Ай сияқты, күн сияқты Шар сияқты домалақпын.

 

Балалар ұяшықтарға пішіндерді орналастырады.

 

 

 

 

-балалар, балық құрастыруға кіріседі.

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді

   Рефлексивтік-түзетушілік“Көктемгі орман” саяхатымыз ұнады ма?

— Немен бардық?

— Балалар, бізге кім келді?

— Пішіндерді қайталадық, ойындарды есімізге түсірдік.

Балаларды мадақтау!

Ұнады

Пойызбен

Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Көктемнің табиғаттың ерекшеліктерін.

Игереді: Пішіндердің түрін-түсін, тақпақтарды.

Меңгереді: Ойын арқылы өткен ұйымдастырылған оқу-қызметін жатқа айтады.

Кизбаева Айнур Сансызбайқызы

МКҚК «Айгүл» балабақшасы, тәрбиеші

Оңтүстік Қазақстан облысы,

         Түркістан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.