Мақсаты: Балаларды көбелек және инелікпен, олардың қасиеттерімен таныстыру, білімдерін кеңейту; талқыланып жатқан тақырып бойынша өз ойларын дұрыс қалыптастырып, білдіру дағдысын бекіту.
Көбелек пен инеліктің қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру.Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру.
Балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, жәндіктерге сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Видиоролик, суреттер, интербелсенді тақта, лупа, тірі көбелек
Әдіс-тәсілі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, зерттеу
Технология: «Жобалау -зерттеу» технологиясы. АКТ технологиясы
Үш тілдік: Жәндіктер-насекомые-insects , көбелек-бабочка-butterfly, инелік-стрекоза-dragonfly.
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар, келген қонақтармен үш тілде амандасады.
-Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello!
-Құрметті қонақтар, бүгінгі «Зерттеуші бүлдіршіндер» ортаңғы тобына қош келдіңіздер
Ғажайып сәт
Музыка әуенімен көбелек топқа ұшып келеді.
-Ой қандай керемет! Бізге не ұшып келді? (Көбелек)
— Жарайсыңдар балалар!
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Бүгінгі біздің оқу қызметіміз Экология. Тақырбымыз :»Көбелек пен Инелік» деп аталады.
-Балалар көбелек қандай болады? (Көбелек әдемі, нәзік болады)
-Жарайсыңдар!
-Балалар дұрыс айтасыңдар көбелек — өте жеңіл, нәзік, әдемі болады.
Көбелектер екіге бөлінеді.
Күндіз ұшатын көбелектер және түнде ұшатын көбелектер.
Күндіз ұшатын көбелектер ашық түсті, ал түнде ұшатын көбелектер сұр және суық түсті болады.
Күндіз ұшатын көбелек ( булавоусая), түнде ұшатын көбелектер ( разноусая)
— Балалар, сиқырлы экраннан қандай көбелекті көріп тұрсыңдар? ( Сары)
— Бұл қай кезде ұшады?( Күндіз ұшады)
— Сұры көбелек ше? (Түнде ұшады)
-Жарайсыңдар балалар!
-Балалар көбелектер қалай пайда болатынын білеміз бе? (Балалар өз ойларын айтады)
-Олай болса интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. ( көбелектің дамуы туралы көрсету)
-Балалар, жұмыртқалардан құрттар пайда болады.
Құрттар ауызбен демала алмайды, олар ішіндегі тесіктер арқылы демалады.
Құрттар көбелекке айналар кезде ағаштың бұтағына немесе жапыраққа жабысып, төмен қарай салбырап тұрады.Содан соң олар өз аузынан жеңішке жіптерді шығарып , өзін қуыршаққа ұқсатып орай бастайды.
Қуыршақтарды үйшік деп атайды. Қуыршақтың ішіндегі құрттар көбелекке айналады.Қуыршақ үйшіктерін тастап көбелек ұшады.
-Балалар интербелсенді тақтадан нені көріп тұрмыз? (Көбелек)
-Ал, ендеше оны үлкейткішпен қарап көрейікші.
Не пайда болды? ( Қаңқасы)
-Жарайсыңдар!
Көбелектің құрылысы
(Көбелекте 1- құрсақ, 2-кеуде, 3-мұрттары бар басы, 4-түтікше,
5-алдыңғы, ортаңғы және артқы аяқтары, 6- бірінші және екінші жұп қанаттары.)
( 4 үлкен, екеуі кішкене көрінбейді.)
— Балалар көбелектің неше қанаты болады? (Төрт қанаты болады.
екі алдыңғы, екі артқы)
Көбелектер немен қоректенеді?
Көбелектер дәмді аяқпен сезеді екен. Егер олар шырынның үстінде тұрса оның дәмін бірден сезеді де оның дәмі ұнаса мүйізшесін алдыға бұрып шырынды түтікше арқылы іше бастайды.
Егер көбелектер ерте көктемде, гүлдер ашылмай тұрып оянса олар аққайыңның, үйеңкінің шырынымен қоректенеді.
Көбелектер қандай пайда келтіреді?
Көбелектер табиғатты әсемдейді, оның әдемі бояу түстері бізді қуантады. Көбелектер гүлдерді тозаңдандырады. Денесі мен қанатында түрлі-түсті өте ұсақ ұнтақтары бар екен. Олар қанаттары мен денесіне әдемі өрнек салып тұрады.
Көбелектердің сүйектері болмағанмен, қатты қабыршағы болады.
Көбелектердің тіршілігі. Көбелектерді неге қолымен ұстауға болмайтын себебі, олардың қанаттарын жауып тұрған нәзік ұнтақты қабаты тез зақымданады. Ол тек әдемілікті бұзып қана қоймайды көбелектер ұша алмай қалады.
Көбелектер қанша өмір сүреді?
Бірақ көпшілігі бірнеше апта тіпті бірнеше сағат қана өмір сүре алады екен. Көбелектердің түрлеріне байланысты болады. Кейбіреулер 1-2 күн ғана өмір сүреді. Көпжасайтын көбелектер
де болады. Олар бір жылға дейін өмір сүреді.
Көбелектердің өсіп жетілуі 4 сатыда өтеді:
жұмыртқа-жұлдызқұрт-қуыршақ-көбелек.
Көбелектер толық түрленіп дамыса, инеліктер шала түрленіп дамиды.
-Олай болса назарымызды сиқырлы экранға аударайық. (инеліктің дамуы туралы көрсету)
Инелік- басқа жәндіктерден ерекшелігі : арқа-құрсақ қанатының бұлшық еттері жақсы дамыған.
-Балалар көбелектер қалай пайда болатынын білеміз бе? (Балалар өз ойларын айтады)
-Олай болса интербелсенді тақтаға назарымызды аударайық. ( инеліктің дамуы туралы көрсету)
-Балалар сиқырлы экраннан қандай жәндікті көріп тұрсыңдар? (Инелік)
-Енді инелікті үлкейткіш арқылы көрейік?
Не пайда болды? ( инеліктің қаңқасы)
-Жарайсыңдар!
Ендеше балалар, екі топқа бөлініп зерттейміз.
- Қуыршақты зерттеу.
- Тірі көбелекті зерттеу.
Қимылды ойын
«Көбелектер мен Гүлдер»
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелей отырып, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шарты:Көбелек және гүлдердің суреттері балаға беріліп, мойынға тағылады. Көбелек пен гүл суреті екі жерге ілінеді.Әуен ойналып балалар көңілді ән тыңдап, шеңберде айналып жүрген кезде жетекші балаларға көбелектер деп дауыстағанда көбелектер тез қанат тарын қағып көбелектің суреті ілінген жерге жетіп, ал гүлдер сол жерге отырып қалуы керек. Әуен ойналып гүлдер дегенде гүлдің суретінің қасына барып отырып қалуы керек. Әуен ойналып гүлдер дегенде гүлдің суретінің қасына барып отырып қалып, көбелектер қанаттарын қағып сол жерде қала береді. Ойын екі рет қайталанады.
Рефлексифті-түзетушілік.
-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
-Бұгін қандай тақырыппен таныстық?
-Көбелек қалай пайда болады?
-Көбелек неше түрге бөлінеді?
-Инелік немен қоректенеді?
-Біз көбелекті қалай зерттедік?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көбелек және инелікті танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын біледі.
Түсінеді: Көбелек пен инелікті таниды, ажыратады, көбелек пен инеліктің тіршілігі туралы, көбелектің жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ болатындығын түсінеді
Қолданады: Көбелекке қамқорлықпен қарайды, зерттеу тәсілін қолданады.
Рысмамбетова Мөлдір Орынбасарқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы
«Алтын балық» бөбекжайының тәрбиешісі